Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қымбатты қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр.

Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.

Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскені сөзсіз. Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі.

Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді.

Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін!» — деді ол.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.