Наурыздан бері Ресейден қанша этникалық қазақ келді?

Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтар санын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға ықтиярхат 3999 этникалық қазаққа берілген. Олардың көбі Өзбекстаннан көшіп келген — 2267 адам. Екінші орында Ресей тұр, Ресейден 773 адам келген. Одан кейін — Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39).

Ірі қалаларға, соның ішінде Шымкентке 785, Түркістан облысына 715, Астанаға 702, Маңғыстауға 608, Алматы облысына 526, Алматыға 326 адам қоныстанған.

Айта кетейік, ІІМ мәліметі бойынша, мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Сондықтан ресейліктер басқа елдерге көшкен болатын.

Быть услышанными и участвовать в решениях – эксперт о возможностях Қазақстан Халық Кеңесі

В Казахстане 957 этнокультурных объединений участвуют в общественной жизни,...

ҚАЗСТА Президенті Қайрат Закирьянов жеңімпаз студенттерді ұлықтады

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия...

КАЗАСТ ПОЧТИЛА СТУДЕНТОВ — ПРИЗЁРОВ АЗИАТСКИХ ИГР

В Казахской академии спорта и туризма почтили студентов-спортсменов, достойно...

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...