Наурыздағы мейрам күндері қосымша пойыздар іске қосылады

Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша коммерциялық пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Осы сипаттағы ақпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сайтында жарияланды.

  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Шымкент» бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 2022 жылдың 18, 21 және 24 наурызында жөнелтіледі. Шымкенттен 2022 жылдың 19, 21 және 25 наурызында кері қайтатын болады;
  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы-1» бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 2022 жылдың 18 және 21 наурызында жолға шығады. Сол пойыз 2022 жылдың 19 және 22 наурызында кері қайтады; 
  • «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 2022 жылдың 18 және 20 наурызында, ал Атыраудан 2022 жылдың 19 және 21 наурызында жолға шығады;
  • «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 2022 жылдың 18 және 20 наурызында жөнелтіледі. Бұл пойыз 2022 жылдың 19 және 21 наурызында кері қайтады.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың маршруттары уақытша қысқартылды. Олар облысішілік қатынаста жүретін болады: 

  • «Алматы-2-Саратов» бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылдың 1 наурызынан тақ күндері, Оралдан Алматыға 2022 жылдың 4 наурызынан жұп күндері шыға бастайды; 
  • «Қарағанды-Омбы» қатынасындағы №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқартылды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жүретін болады; 
  • «Алматы-2-Новосибирск» бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 2022 жылдың 3 наурызынан бастап тақ күндері жүре бастайды; 
  • «Атырау-Астрахань» бағытындағы №625/626 пойызы күнара қатынаспен Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқартылды. Атыраудан кері бағытта құрам 2022 жылдың 2 наурызынан бастап жұп күндері жүреді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...