12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Наурызбай ауданының комьюнити орталығында «Jas Sheber» атты шығармашылық қолөнер көрмесі өтті

21 ақпан күні Наурызбай ауданынының комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Jas Sheber» шығармашылық қолөнер көрмесі өтті.

Көрмеде  шығармашылық қолөнерге бағытталған 10 орталық қатысты. Олардың ішінде «Тұмар», «Бәйтерек», «Алтын жіп» және т.б орталықтар жастар арасында танымал болып жүрген қолдан жасалған бұйымдарын өздерінің туындыларын ұсынды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытып жүрген жастарға шеберлік сағаттар өткізілді.

Көрменің басты мақсаты – ауданда орналасқан орталықтардың жұмыстарын көрсетіп, жастарды қолөнерге баулу, шығармашылықты жастар арасында кеңінен насихаттау.

– Шыны керек, көрмеге қойылған әртүрлі жұмыстарды көріп таң қалдым. Он қолынан өнер тамған шеберлердің қолынан туған бұндай жұмыстар адамға шабыт береді екен. Мысалы, өзімнің қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығым артып жатыр. Келешекте өзім де осы іспен айналысып көргім келеді, — дейді көрме көрермені.

Қолөнер бұйымдары – ұлттық мәдениетімізді айқындайтын мәдени туындылар екені ақиқат. Жастар арасында ұлттық мұраны дәріптеп, оны жаңғырта отырып, жастардың бойына сіңіру ұлт мәселесінің күн тәртібінде тұрған аса маңызды шара. 

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы сыбайлас жемқорлық жауапкершілігінен босатпайды

Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен...

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...