Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.
Наурыз мейрамында қалай демаламыз?
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:
- 21 наурыз — сенбі;
- 22 наурыз — жексенбі;
- 23 наурыз — дүйсенбі.
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз — бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі);
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз — демалыс күндері, 25 наурыз — жұмыс күні.


