12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нашар байланыс пен интернетке айыппұл: Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторларына салынатын айыппұлды ұлғайтуды және қызмет көрсету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. 

«Пандемия және халықтың қашықтан жұмыс режиміне көшуі кезеңінде байланыс қызметтері сапасының маңыздылығы артты, ол халықтың шағымдарының артуынан байқалады. ӘҚБтК-нің 637-бабы «Байланыс саласындағы заңнаманы бұзуға» сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 100 АЕК, жыл ішінде қайталап жасалған заңбұзушылыққа — 200 АЕК. Бұл ретте ірі кәсіпкерлік субъектісі заңбұзушылық дерегін мойындаған жағдайда 50 пайыз, яғни 50 не 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.

Операторларға қосымша жабдық орнатудан немесе желіні басқа жолмен дамытудан гөрі айыппұлдың жартысын төлеу ыңғайлы. Сайып келгенде, байланыстағы барлық қолайсыздық тарифті толық төлеп, оператор алдындағы міндеттемелерін тұрақты орындайтын абоненттерге әсер етеді», — деді депутат Жанна Телпекбаева.

Жаңа заң жобасында айыппұлдар 1000 АЕК-ке дейін және қайта бұзғаны үшін 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылған.

Депутаттың айтуынша, бұл азаматтарды қорғауға және ұялы байланыс операторлары арасындағы бәсекелестікке қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Израильдің Дохаға соққысы: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар

Қазіргі уақытта Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді.

Президенттің жолдауы: мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.

Солтүстік Аралға миллиардтаған текше метр су жіберілді

2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

Депутат Алматыда электрсамокатқа уақытша тыйым салуды ұсынды

Алматы Мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді.

Курс на цифровую трансформацию

В СВОЕМ ПОСЛАНИИ НАРОДУ-2025 «КАЗАХСТАН В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА:...