12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нашақорлыққа қарсы күрес – жарқын болашаққа қосатын үлес

Көкшетауда облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы кең көлемді акция шаралары бастау алды. Негізгі мақсат бүгінде қоғамның ащы дертіне бітпес жарасына айналған нашақорлықпен күрес оның зияндылықтарын жастардың санаcына сіңіруге бағытталыпты. 

Айлық шеңберінде тұтас облыс аумағында түрлі шаралар бірінен соң бірі жүзеге асырылып келеді. Акция аясындағы кезекті шара облыс орталығы – Көкшетауда шаһар жеке кәсіпкерлерінің қолдауымен жүзеге асырылды. Полиция қызметкерлері қамқорлыққа зәру тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға мереке ретінде қайырымдылық мәдени ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Балалар қаланың шеткі жағындағы қарағай мен ақ қайың көмкерген табиғаты сұлу Letto-парк демалыс базасында болып онда мотоциклдер, квадроциклдер мен автомобильдермен қыдыру, аниматорлардың қатысуымен түрлі ойындар, байқаулар мен көңілді басқа да шаралар жүргізіліп ол балалардың көңілінен шықты. Барлық балаларға тәтті балмұздақтар мен салық сусындар, сондай-ақ басқа да тәтті сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ шара барысында балаларға «Сальто» батут орталығына қатынау және спорт дүкеніне сыйлық  сертификаттары табыс етілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл акция тек әлеуметтік қолдау мақсатында ғана емес нашақорлыққа қарсы күрес айлығы шеңберінде алдын алу жұмыстарының бір бөлігі ретінде қарастырылғанын айтады. – Балалар мен жасөспірімдердің белсенді өмір салты мен позитивті қызығушылықтарын қалыптастыру, жағымсыз құбылыстардың оның ішінде есірткіге басқа да нашақорлыққа бағыттайтын заттарға тәуелділіктің алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз балаларға өз бос уақыттарын қызықты әрі қауіпсіз өткізудің өте көп түрлері бар екенін көрсетуге тырыстық,– дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің нашақорлық қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі басқарма өкілі Разия Курсанова.

Ұйымдастырушы полиция қызметкерлері осынау шарада  қалыс қалмай балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда белсенділік танытқан, өз үлестерін қосқан кәсіпкерлерге шынайы алғыстарын білдірді. Өйткені мұндай шаралар өз кезегінде мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қоғам мен бизнес өкілдерінің күшін бір арнаға тоғыстырып, жастардың нашақорлыққа тәуелділігінің алдын алуға, келешек ұрпақтың салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға ықпалын тигізеді. 

Акция шеңберінде сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне бағытталған семинар шаралары да кеңінен өткізілуде. Полиция департаменті нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай есірткіге қарсы айлық шеңберінде Көкшетау қаласы мектептерінің директорлары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен ата-аналарға арналған семинар ұйымдастырды. Шара өскелең ұрпақ арасында профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «Химиялық және химиялық емес тәуелділіктердің зияндылығына бағытталыпты. Семинар шарасы «Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің таралуына қарсы тұрудың құқықтық аспектілері»  тақырыбына өткізілді. Білім беру мекемелерінің басшылары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар қауымының өкілдері қатысқан іргелі шараға осы саланың жілігін шағып майын ішкен яғни қоғам арасында нашақорлықтың таралуы мен оның алдын алу бағытында жылдар бойы жұмыс істеген сарапшы мамандар да толғамды ойларын ортаға салды.  

Семинар кездесуінің тізгінін қолына алған «Зерделі ұрпақ» үкіметтік емес ұйымының басшысы Гүлнар Оразбаева талқыланатын мәселелердің бесіктен белі жаңа шыққан жастар мен жасөспірімдер үшін ерекше өзектілігін әсіресе олардың есірткі заттарына тәуелділігінің алдын алуда түрлі құрылымдардың күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.

 — Бүгінде есірткіге елітіп аңдамай жүріп нашақорлықтың шырмауына ілініп қалып жатқан жастардың қатары азаймай тұр. Сондықтан жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастыру олардың есірткі қылмыстарынан бойын аулақ салуына ықпал етпек. Бұл орайда тек күш құрылымдары ғана емес мемлекеттік органдар, оқу орындары мен ата-аналар да күш біріктіруі аса маңызды. Жастарымыздың есірткіге тәуелділігінің алдын алу елдің ертеңіне қосатын аса маңызды үлесіміз екенін түсінуіміз керек, — дейді Гүлнар Оразбаева. 

   Сондай-ақ шара барысында жиналғандар алдында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сарапшысы, дәрігер-психотерапевт және PhD докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университететінің құқық кафедрасының заң ғылымдарының магистрі сөз сөйлеп  олардың әрқайсысы нашақорлыққа қарсы күрес жайлы мәселенің әртүрлі аспектілерін егжей-тегжейлі баяндап өтті. 

Семинар барысында жастар арасында құмар ойындар, компьютерге және интернетке тәуелділік сияқты химиялық емес тәуелділік сонымен қатар есірткі заттарын, психоактивті құралдар мен алкоголь және кальян тұтыну сияқты химиялық тәуелділіктің де өсуімен байланысты аса өзекті мәселелер талқыға түсті. 

   Нашақорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі басқарма өкілі Рәзия Курсанова есірткі қылмыстарына қарсы күрестің құқықтық аспектілері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сонымен қатар тыйым салынған заттарды тұтыну мен таратудың арғы жағында аса үлкен жауапкершіліктің тұратындығын атап өтті. Сонымен қатар мұндай қылмыстық оқиғалардың ішінде кәмелет жасына толмаған жастардың құқықбұзушылықтарының жаңа үрдістері туралы әңгімелеп берді. Бұл орайда білім беру мекемелерінде ата-аналармен бірлесіп алдын алу жұмыстарын жүргізудің аса маңызды екені аталды.

     Шараға арнайы шақыртылған дәрігер-психотерапевт, PhD докторы, Мария Прилучкая жасөспірімдер арасындағы тәуелділіктердің қалыптасуының психологиялық тетіктерін олардың алғашқы белгілерін атап өтіп, ата-аналардың қандай жағдайда ерекше назар аударып, қауіпті топтарды ертерек анықтаудың маңыздылығы сонымен қатар есірткіге тәуелділікке ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді түзету мен алдын алудың заманауи әдістеріне тоқталып өтті.

Спикерлер өз сөзінде есірткіге тәуелділіктің алдын алу және мәселенің шешімін табуға кешенді ведомствоаралық тәсілді қолданудың маңыздылығына назар аударып, бұл орайда білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары, медициналық ұйымдар мен ата-аналар қауымының бірлесе өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет етудің қажеттігін жеткізді. 

Семинар қорытындысында шара қатысушылары білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша практикалық ұсыныстарды талқыға салып, жасөспірімдердің өз денсаулығы мен құқықтық санасына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру бойынша бағдарламаларды іске асыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға мол ықпал тигізетіні сөзсіз. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...