«Наркескен» спорттық клубының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға пробация есебіндегі сотталғандар қатысты

Жалағашта пробация есебіндегі азамат гір көтеруден жүлделі орын иеленді
Жалағаш ауданында «Наркескен» спорттық клубының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға пробация есебіндегі сотталғандар қатысты.

Жарыс спорттың гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті. Жарысқа есептегі 15 сотталған белсенділік танытып қатысты. Қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып,ұйымдастырушылардың «Алғысхатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени-спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. 16 кг гір тасын 23 рет көтеріп,жарыс қорытындысымен жүлделі орын алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

Мұндай спорттық шараларға сотталған азаматтарды жиі қатыстыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол.

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...

Заслуженная оценка высокого профессионализма 

В СОВРЕМЕННОМ ОБЩЕСТВЕ РОЛЬ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ И ЕЕ ЗНАЧЕНИЕ...

Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр...