12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нархоз университетінің болашақ медиасарапшылары Ұлттық арнада тәжірибе жинақтады

Бүгінгі күн – ақпараттың заманы. Күрделі, аласапыран медиакеңістікте нақты дерек пен шынайы сөзге сұраныс бұрынғыдан да арта түсті. Ал осы ақпарат майданында ел сенімін арқалап, кәсіби биіктен көрінетін маман болу – бүгінгі студенттің басты арманы. Сол арманға бір қадам жақындау үшін Нархоз университетінің студенттері Алматыдағы Қазақстан телерадиокорпорациясы кешені жұмысына медиатурға шықты. 

Еліміздегі басты ұлттық медиақұрылым – «Қазақстан» телерадиокорпорациясына жасаған кәсіби сапар студенттерге бұрын-соңды болмаған тәжірибе сыйлады. Камера жарығы мен кадр артындағы қызу тіршілікпен танысқан олар медиа өндірістің қыр-сырына қанықты.  «Саяси бұқаралық коммуникациялар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері оқу практикасы алғаш рет ұйымдастырылды.  

Медиатурға қатысқан Асель Құрманқұлова:

— Бүгін біз телеарна қызметімен, жұмыс барысымен таныстық. Ақпаратты жинаудан бастап эфирге дейінгі процестің әр кезеңі бізге нақты мысалмен көрсетілді. Бұл мені ерекше әсерге бөледі, –  деп ойын бөлісті.

Телевизия әлеміндегі әрбір сюжет – ізденіс пен үлкен еңбек нәтижесі екенін түсінген студенттер үшін бұл кәсіби бетбұрыс.  Сағын Әбдіәшім бұл сапардың болашаққа бағыт бергенін айтса, Нұржамал Таласбай телеарна мұрағатымен танысқаннан кейін журналистиканың терең еңбекті қажет ететін сала екенін ұққанын жеткізді.

Сапар аясында белгілі журналист, ақын, «Ұмытпаймыз» бағдарламасының жүргізушісі Жаңылхан Жүсіпханқызымен өткен жүздесу ерекше есте қалды. Ол өзінің кәсіби жолынан сыр шертіп, журналистиканың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ой қозғады. Бұл ашық сұхбат студенттердің рухын көтеріп, болашаққа сенім сыйлады.

— Бір ғана сюжет үшін қаншама дайындық, ізденіс, еңбек қажет екенін көзіммен көрдім. Бұл тек экскурсия емес, мен үшін өмірлік жолымды нақтылай түскен тәжірибе болды, – дейді Ақбота Жайлауова.

Телевизиямен қатар студенттер аңызға айналған «Qazaq Radiosy» мен «Shalqar Radiosy» студияларына барып, радиожурналистиканың тыныс-тіршілігімен де танысты. Бұл медиасапар студенттерге радиосаланың қыр-сырын ашып көрсетті.

Практикалық  байланыстың нәтижесінде «Shalqar Radiosy» студент жастардың «Сұңқар студиясы» хабарына контент жасауға қатысуда.  Бұл – болашақ медиамамандар үшін сөздің салмағы мен дыбыстың құдіретін сезінудің алғашқы практикасы болмақ.

— Радио – бұл тек үн емес, жүрек тілі. Қазіргі радиожурналистика – ой мен пайым алаңы. Біз осыны анық сезіндік, – дейді Арайлым Амангелдиева.

— Медиа – бұл жай ғана кәсіп емес. Бұл – ұлт үні, қоғам айнасы, болашақтың дауысы. Осындай сапарлар арқылы біз өз мамандығымызға жаңаша көзқараспен қарай бастадық, – дейді Сағын Әбдіәшім.

Еліміздегі саясат пен медиасаланы тоғыстырған, жаңа буын медиасарапшыларды даярлауға арналған бағдарламаның  білім алушылары үшін  медиаға алғаш сапары болды. Студенттер мұнда теориямен қатар, шынайы тәжірибе жинап, ақпараттық кеңістікте  шығармашылыққа баулудың әліппесін үйрене бастады.

«Саяси бұқаралық коммуникация» бағдарламасы пәнаралық  салаларды қамтитын цифрлық құралдарды меңгерген сарапшылар даярлау саналады. Сондықтан  аталмыш білім беру бағдарламасы медиаталдаудан бастап жасанды интеллектке дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, IT-құқық, инвестиция құқығы сияқты   бірнеше майнор бағытында қосымша білім алып шығады.

Нархоз университетіндегі бұл бағдарлама – саяси коммуникация мен цифрлық медианың тоғысқан тұсында жаңаша ойлайтын, батыл қадамға баратын медиабуын қалыптастыруға бағытталған. Бұл тек білім емес – бұл болашаққа инвестиция. Себебі,  медиасаладағы басты капитал – тәжірибе.

«Саяси бұқаралық коммуникация»

білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева

Библиотекари посетили школу

В Таразе вошло в практику, когда сотрудники библиотечной сети...

Свобода от зависимости 

Наркотическая зависимость – это одна из самых серьезных социальных...

Час честности

Студенты Международного Казахско-Турецкого Университета им. Х. Ясави в процессе...

В статусе культурной столицы

В РАМКАХ РЕШЕНИЯ О ПРИСВОЕНИИ ГОРОДУ АКТАУ ЗВАНИЯ «КУЛЬТУРНАЯ...