Нұрлан Құрмалаев экология вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары — «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары — «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...