«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары ұсталды

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарада «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

«Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру дерегі құжат түрінде рәсімделген.

Аталған дерек бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін ұсталды.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейтіні хабарланды. 

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаңтардан бастап Бас прокуратура қызметкерлерінің басшылығымен кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізілді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...