Нұр-Сұлтанның прокуроры тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа прокуроры тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды.

«Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды», — деп жазды Бас прокуратура. 

Ерлан Өтегенов прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды.
Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...