Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер бірнеше ай бойы астаналық кәсіпкерден ақша бопсалаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, кәсіпкер арызбен жүгінген. Одан бірнеше ай бойы қорқытып, күш көрсетіп, ірі көлемде ақша бопсалаған.

«Полиция ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 40 және 47 жастағы күдіктілер 300 мың теңге көлемінде ақша алғаннан кейін, ұсталды. Сондай-ақ, Орал қаласында топтың үшінші мүшесі, Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жәбірленуші былтыр қыркүйекте күдіктілердің бірімен кездескені анықталды. Ер адам кәсіпкерге қарызды қайтару мәселесін шешуге уәде берген. Сол уақыттан бері күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған.

«Кәсіпкер жеке шотынан бір миллион теңгеге жуық қаражатты толық шешіп берген. Сонымен қатар, күдіктілер қорқытып, оны екі рет ірі көлемде несие алуға мәжбүрлеген. Бүкіл ақшаны бопсалаушылар иемденген. Олар жәбірленушіден жалпы сомасы үш миллион теңгеге жуық ақша алған», — деп қосты полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...