Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары бірыңғай форма киеді

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық білім беру ұйымына оқушыларды бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшіру енгізілді.

Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды мектептік ата-аналар жиналысында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады», — делінген басқарма сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Мектеп формасының түсі — қою көк. Мектеп формасының стилі — классика.

Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті киетін ақ жейде. Суық мезгілде киетін тоқылған кардиган қосылады. Ұлдарға арналған шалбар — кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратындай болу керек. Тіпті болмаса: көйлек, жилет және шалбар болса да болады.

Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар. Белдемше ұзындығы тізеден 5 сантиметр аспауы тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының эмблемасы, жапсырма орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектеп сайтынан жүктеуге болады.

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...

Путь к экзамену длиной в полгода

ОЖИДАНИЕ ЭКЗАМЕНА НА ПОЛУЧЕНИЕ ВОДИТЕЛЬСКИХ ПРАВ МОЖЕТ РАСТЯГИВАТЬСЯ НА...

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

19 қыркүйекте World Cleanup Day-ге орай Қазақстанның барлық аймақтарында ауқымды...

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут масштабные экологические мероприятия,...