Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу басталды. Бұл туралы елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқу-жаттығу 29 сәуірде сағат 08.00-14.00 аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби-Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

Іс-шара мақсаты — шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру.

Жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», — деді Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы өкілдері.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....