Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты болжам айтылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурушаңдық тамыздың ортасына дейін артады. Тамыздың аяғы — қыркүйекте бәсеңдейді. Нұр-Сұлтан бойынша да осындай болжам жасап отырмыз. Сондықтан қазір аурушаңдық көбейіп барады. Біз тамыздың ортасына дейін бұл өсім жалғасады деп болжаймыз», — деді Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Елорданың бас санитария дәрігері қазақстандықтарды денсаулығын сақтауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге және коронавирустың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігермен кеңесуге шақырды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жаңартылған болжамды жариялаған болатын. Пессимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың ең көп саны күніне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарий бойынша — 2400-ге дейін, оптимистік сценарий бойынша — күніне 1000 жағдайға дейін болатыны хабарланған.

Таза судан бастап жаңа әуежайларға дейін: Қазақстанға қайтарылған активтер халықтың өмірін қалай өзгертуде?

Бір кездері Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат елге қайтарылып, игілікті...

КОДЕКС ЧАСТНОГО ПРАВА: КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯ СПРАВЕДЛИВОСТИ

Разработка нового Гражданского кодекса Республики Казахстан направлена на реализацию...

АҚПАРАТТЫҢ БƏРI ҚОЛЖЕТIМДI БОЛҒАНЫ ДҰРЫС ПА?

Жария басқару органдарының жұмысы ашық, қоғам қабылданып жатқан шешімдерден...

Құқықтық сауаттылық – өркениетті қоғамның белгісі

Қоғамның өркениеттілігі тек экономикалық дамуымен немесе технологиялық жетістіктерімен ғана...