Нұр-Сұлтанда ер адам өз өмірін қатерге тігіп, 8-қабаттан құлаған қызды қағып алды

Нұр-Сұлтанда ер адам өз өмірін қатерге тіге отырып терезеге асылып тұрған баланы құтқарып қалды. Оқиға «Камал-2» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтілді.

«Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Бақытымызға орай, 1985 жылы туған жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды», — деп хабарлады ТЖД.

Департаменттен ер адам көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марапатқа ұсынылатыны айтылды. 

«Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылды, бірақ соңы қайғымен аяқталған көптеген жағдайлар бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық тастамаңыздар, өйткені баланың әрекет етуі үшін бір секунд жеткілікті», — деп қорытындылады құтқарушылар.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...