12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтанда ер адам 25 миллион теңгенің «синтетикасымен» ұсталған

Нұр-Сұлтандағы орманда «синтетикамен» есірткі сатушы ұсталған , — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы патрульдік полиция жасағы қала шетіндегі Қарағанды тасжолында кезекшілік етіп тұрғанда, жол маңындағы орман белдеуімен жүріп, айналасын телефонға түсірген жас жігітке назар аударған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оны тоқтатқан. Оның жүрген бағыты мен орманда жүрген себебі қызығушылық тудырған. Ол зираттан келе жатқанын айтқан. Ер адам қобалжып тұрғаны байқалған.

Аумақты тексерген полицейлер ағаш астына жасырылған байламды тапқан. Қапта бір келіден аса «мефедрон» және «Альфа-РVР» синтетикалық есірткілері болған.

Полицейлердің деректері бойынша, ұсталған азамат «синтетиканы» Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізген және осында сатуды жоспарлаған. Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, тәркіленген есірткі құралдарының саны алты мыңнан аса бір реттік доза, олардың қара нарықтағы құны — 25 миллион теңге.

2022 жылдың басынан бері елордада заңсыз айналымнан 30 келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленген. Полицейлер синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы ескертті.

«Есірткі қылмысына қарсы күресте сату, есірткіні жарнамалау және елорда арқылы транзиттеу деректерін анықтауға баса назар аударылады. «Нұр-Сұлтан — есірткісіз қала» деген жаңа бағдарлама әзірледік, есірткіге қарсы іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар іс-шара көзделді», — деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Праздник «Салбурын» прошел в Актобе

Более 100 спортсменов, среди которых беркутчи, мастера игры в...

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...