Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде «Пробация қызметінің үздік қызметкері» атты байқау өтті

ҚАЖ комитеті төрағасының 2021 жылдың 22 желтоқсандағы №191 бұйрығымен Қазақстан  Республикасы Қылмыстық-атқару  жүйесі пробация қызметінің қызметкерлері арасындағы «Пробация қызметінің үздік қызметкері» атты байқау ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — пробация қызметкерлерінің кәсіби шеберлік байқауы туралы шарттарды орындау барысында, қойылған таптарға сай,  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекетінде олардың кәсіптік даярлық деңгейі тексеріліп, бағаланды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің аумақтық пробация қызметінен 7 қызметкер қатысып, олардың  арасынан жеңімпаз іріктеліп, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Динара Серикжанқызы Баймуратова «Пробация қызметінің үздік қызметкері» атағына ие болды.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», «Шәкірт ұстаздан озар» дегендей жеңімпаз қызметкеріміздің алдағы уақытта алар асуларының көп екеніне сеніміміз мол.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

ҚАЖ департаментінің

ПҚББ бас маманы

әділет подполковнигі

А. Омарбекова

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...