Нәпақа табамын деп келіп, нәпсінің құлы болдым

Ол Қазақстанға маусымдық жұмыс жасауға бір жыл рұқсат мерзіммен келген болатын. Өзбекстандағы ауылында жұмыс көзі болғанмен , жанұясын материялдық жағынан қамтамасыз етуге жетпеді. Отбасында науқас анасы, үш бауыры, әйелі мен ұлы бар. Досының Қызылордада тұратын танысы базар маңында тандыр нан сататын сауда орнын ашатындығын айтып, бұл екеуін шақыртқан болатын.

Жататын орны, тамағы тегін болды. Ай сайынғы табысын, әйеліне жіберіп тұрды. Шет ел азаматы ретінде, барлық тексеріс талаптарына сай, еш заң бұзбастан, алаңсыз жұмыс жасап жатты. Бірақ, бір кештегі ойланбай жасаған әрекеті, оны қылмыскер атандырып, теміртордан бірақ шығарды.

Сол күні менің жанымдағы бірге жұмыс жасайтын Ғ – ның дос келіншегі бізді туған күніне шақырды. Күнделікті бір сарынды жұмыстан шаршап кеткен соң, біраз көңілімді көтерейін деп, келісе кеттім.

Барсақ, дастархан басына бес- алты жан ғана жиналыпты. Ішіп- жеп, танысып білістік. Біраз отырған соң, ащы суды көп сілтеп қойдым ба, көзім бұлдырап, басым айналды.

Қарасам, қасымда теріс қарап, кішкентай сары қатын отыр. Басқа ешкім жоқ. Ол да, масаңдау екен. Шайтан ой түртіп, қылымсыған сары келіншекті өзіме қарай тарттым. Қарсыласып еді, еркектік күшімді қолдандым. Екі күн өткен соң, базардағы жұмыс орныма құқық қызметкері келіп, менің үстімнен С деген азаматшадан зорлау фактісі бойынша арыз түскендігін айтып, жауап алу үшін өздерімен бірге баруымды сұрады.

Мен өз кінәмді бірден мойындадым. Жасаған қылмысым үшін сот үкімімен ҚР ҚК- тің 120 бабының 1- бөлігі бойынша 5 жылға басбостандығымнан айрылдым. Осылайша, нәпақа табамын деп, келіп нәпсінің құлы болдым. Аз күндерден соң бостандыққа шығамын. Әйелім мені кешірді. Бес жыл бойы артымнан келіп — кетіп тұрды. Балама, туыстарыма Қазақстанда жұмыс жасап жүр деп жасырып келіпті. Еліме оралған соң, отбасымды қуантып өмір сүремін. Алдағы уақытта жақындарымды ұятқа қалдыратын іс-әрекетке бармаспын деп ойлаймын.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...

Абай облысындағы қауіпсіздігі барыеша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейбол турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности области Абай прошёл турнир по волейболу среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...