Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өткен алғашқы отырыс небәрі 15 минутқа созылған. Іске төрағалық етуші судья Саммидин Теміралиев сотталушының келмеуіне байланысты процесті кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.

Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, сотталушы денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмаған.

«Сотталушының респираторлық вирустық инфекциямен ауырып, дене қызуының жоғарылағаны анықталды. Дәрігерлер оған денсаулық жағдайына байланысты сотқа қатыса алмайтыны туралы анықтама берген», деді адвокат.

Соттың баспасөз қызметі келесі сот отырысының күні әзірге белгіленбегенін хабарлады.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешке Шымкентте болған. 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмды. Қатыгездікпен жасалған қылмысқа қызбен таныс болған 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде танылған.

Еске салайық, бұған дейін тергеу барысында күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, ол Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жіберілді. Марқұмның туыстары күдіктінің психикалық дертті сылтау етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген еді.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.