12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүгедектігі бар мыңдаған бала боччадан тұрақты спорт секцияларына барып жүр

Қазақстандағы Бочча федерациясының жемісті жұмыс істеп келе жатқанына төрт жылға жуықтап қалды. Ұйым осы уақыт ішінде жанашыр жандардың, жеке кәсіпкерліктердің қолдауымен айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

Алдымен федерацияның қалай құрылғаны туралы айтып өтсек, спорттық ұйымның тарихы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуге деген үлкен ықылас пен сол кездегі «Саламатты болашақ» деп аталатын шағын жобадан басталды. Бұл Қазақстанның барлық дерлік қалаларында тегін бейімделген спорт секцияларының желісін ашуға мүмкіндік берді.

Бұл туралы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының директоры, «Бочча» федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова жан-жақты әңгімелеп берді. Ол ерекше баланың анасы ретінде ДЦП диагнозымен ауыратын ұлына спорт секцияларын іздеп жүріп, көптеген кедергілерге тап болады. Қоғамда ерекше адамдар, мүгедектігі бар балалар спортпен айналыса алмайды деген стигма бары тағы рас. Шындығында бұл дұрыс емес. Спорт — олар үшін физикалық және психоэмоционалдық жағынан да дамуға мүмкіндік береді.

Үш жыл бұрын Нұргүл Ұлжекова мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының басын қосып, идеясын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасына енгізген «Samryk-Kazyna Trust» қорына жүгінді. Көп ұзамай олардан қолдау тапты. Осы қолдаудың арқасында Қазақстанның 23 қаласында тегін спорттық секциялар желісі құрылып қана қоймай, бейімделген дене шынықтыру және спорт бойынша кадрлар даярлаудың негізі қалыптасты, дене шынықтырудың алғашқы оқулықтары әзірленді, бұл мүгедектігі бар жандарға оқуға және біліктіліктерін арттыруға жол ашады.

Осындай игі жобалардың іске асуына қол ұшын созып жүрген жеке кәсіпкерліктердің ішінде «MKC Logystics» ЖШС-ның көмегі жоғары бағалауға лайық. Есімін атамауды сұраған ЖШС басшысы – меценат мүгедектігі бар спортшыларымыздың әрбір жетістігіне мейірлене қуанады.

Әлемді мейіріммен қатар, қайырымдылық та құтқарады. Меценаттың сөзінше, атымтай жомарт азаматтардың игі істерінің арқасында бір баланың спортқа деген махаббаты оянса, өмір сүруге ынтығып, болашағына кемел даңғыл ашылса, миссияларының орындалғаны. Сол себептен ол инклюзивті ілгерілету бағытындағы шаруаларын бұдан кейін де жалғастыра бермек.

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде жүздеген балалар тұрақты спорт секцияларына ауысып жатыр. Оларға мектепте оқып, қоғамға бейімделу оңайырақ. Жыл сайын «Саламатты болашақ» жобасына 1100 мүмкіндігі шектеулі бала тартылады.

 Сот жүйесіндегі қызмет жағдайында шешім қабылдау

      Сот жүйесіндегі қазіргі жаңарған талаптар сот жұмысын ашық...

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

Еліміз тәуелсіздік алғалы көптеген табыстарға қол жеткізді, оның ішінде...