12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мобильді аударымдар: Нені білу керек?

2025 жылы Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Бұған дейін тек жеке қажетке қолданылып келген онлайн ақша жіберу енді салық органдарының бақылауына алынды. Кім тексеріледі, қандай жағдайда салық төлеу керек және айыппұл мөлшері қанша? BAQ.KZ тілшісі ережені түсіндіреді.

Мобильді аударым деген не?

Қарапайым тілмен айтқанда, мобильді аударым — бір адамның банк шотынан екінші адамның шотына онлайн түрде ақша жіберу. Бұрын бұл ата-анаға ақша жіберу, досқа қарыз қайтару немесе баласына ақша салу сияқты тек жеке мақсаттарға арналған болатын.

Бірақ соңғы жылдары адамдар бұл мүмкіндікті табыс табуға, яғни кәсіпкерлік қызметке де пайдалана бастады.

Аударым мен төлемнің айырмашылығы қандай?

  • Мобильді аударым — бір адамның жеке шотынан екінші адамның жеке шотына ақша жіберу.
  • Мобильді төлем — кәсіпкерлік мақсаттағы арнайы тіркелген шотқа ақша жіберу.

Егер ақша кәсіпкерлік шотқа түскен болса, бұл табыс ретінде есептеліп, салық декларациясына қосылады және салық төленуі тиіс. Ал мобильді аударымдар жеке мақсаттарға арналған болса, олар салыққа жатпайды.

Мемлекет не істеп жатыр?

Мемлекет 2023 жылдан бастап мобильді аударымдарды бақылау жұмыстарын кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Мақсат — жеке мақсаттағы аударым мен кәсіпкерлікке байланысты төлемді ажырату.

Қалай тексереді?

Банк клиенттері арасынан кейбір адамдардың шоттарын таңдап, олар кәсіпкерлікпен айналыса ма, жоқ па — соны анықтайды. Егер адам бір есепшот арқылы тұрақты түрде көптеген адамдардан ақша алып отырса — күдік туады.

2025 жылдан бастап кімдер тексеріледі?

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мына 3 шарт бір уақытта орындалса, адам тексеруге ілінеді:

  1. Соңғы 3 ай қатарынан
  2. Әр айда 100 немесе одан да көп адамнан ақша алған
  3. Және бұл соманың көлемі 1 миллион теңгеден асқан

Егер осы үш шарт орындалса, банктер бұл адам туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) береді.

Егер тексеруге іліксеңіз, не болады?

Егер сіздің атыңыз тізімге кірсе, камералдық бақылау жүргізіледі. Бұл тексеру:

  • Сіздің декларацияңыз бар ма, жоқ па соны анықтайды
  • Кіріс пен шығыс сәйкес келе ме соны қарайды

Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне және SMS арқылы келеді.

Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысып жатқаныңыз анықталса, заңдастыру ұсынылады — мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, алынған табысты декларациялауға болады.

Егер сіз нақты кәсіпкерлікпен айналыспағаныңызды дәлелдей алсаңыз, мәселе шешіледі. Мысалы: қайырымдылық үшін қаражат жинағандар, емделуге ақша жинағандар, мектепте ата-аналар комитетінің ақшасын жинағандар.

Айыппұлдар қандай?

Егер заң бұзушылық анықталса:

  • Кәсіпкерлікпен тіркелмей айналысқандар — 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 59 000 – 393 000 теңге аралығы)
  • Кірісті жасыру — төленбеген салықтың 200% мөлшерінде айыппұл, қайталанса — 300%
  • Чек бермегені үшін — 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл (59 000 – 196 600 тг)

Қандай жағдайда ақша аударуға тыйым салынбайды?

Мемлекет мобильді аударымдарға тыйым салмайды. Оларды жеке мақсаттар үшін бұрынғыша қолдануға болады.

Мысалы:

  • Мектептегі ата-аналар комитеті ақшаны мобильді түрде жинай алады
  • Жұбайынан жиі ақша алатын ІП — тексеруге ілінбейді

Бастысы — жоғарыда айтылған 3 шарттың бәрі бір уақытта орындалмаса, еш алаңдаудың қажеті жоқ.

Демек мобильді аударымдарды жеке мақсатта қолдана беруге болады. Бірақ кәсіпкерлікке пайдалансаңыз, заң талаптарын орындауға дайын болыңыз. Яғни тіркелу, чек беру, салық төлеу.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Правопорядок – дело общее

ПО ПОРУЧЕНИЮ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА В КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБАТЫВАЕТСЯ НОВАЯ МОДЕЛЬ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ. ЗАКОНОПРОЕКТ, ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ В МАЖИЛИСЕ, ОБЪЕДИНЯЕТ КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ОТ БОРЬБЫ С СЕМЕЙНЫМ НАСИЛИЕМ, ДО НАДЗОРА ЗА РЕЦИДИВИСТАМИ, А ТАКЖЕ СТАВИТ ЗАДАЧУ: НЕ ДОПУСКАТЬ ПРАВОНАРУШЕНИЙ, А НЕ ТОЛЬКО РЕАГИРОВАТЬ НА НИХ.

Елімізде жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Дегенмен кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр.

Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалардың саны артып келеді

Қазақстанда бес жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақтың өсуі байқалып отыр. Статистикаға сәйкес, 8,7% бала семіздікке шалдыққан. Бұл дегеніміз әлемдік орта деңгейден жоғары көрсеткіш.

«Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды

Матч уақытында "Хан-Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды.