12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мирас пен Құралай: Қызыма хиджаб кигізіп дін жолына баулып жатырмын, өнерге жолатпаймын

Мирас пен Құралай қыздарын дін жолына баулып жүр. Әнші аға «қыздарға дұрыс тәрбие беріп, дінді үйрету — әкелік парызым» дейді. Сондықтан әкесі қыздарын ерте жастан тұрмысқа беріп, шариғат ілімін үйретуді мақсат еткен.

Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Мирас пен Құралай Алматының шетінен зәулім үй сатып алды. Жұлдызды жұп отбасымен 4 қабатты зәулім сарайға көшіп, қоныс тойын тойлады. Жаңа үйге көшкеніне 1 жылға жуық уақыт өтті. Бұл қос әншінің өздері қол жеткізген төртінші үйі.

«Былтыр пандемия басталып жатқан уақытта жаңа үйге көшіп келдік. Бұл үйді өзіміз салған жоқпыз. Дайын үйді сатып алдық. Мен өзім құрылысты жақсы білемін. Сондықтан үйдің сапасы ұнады. Дайын үйге келдік. Үлкен болғандықтан емес, сапалы болғандықтан алдым. Бала-шағам бар. Әке-шешем бар. Бәріміз бірге тұрамыз», — деді Мирас Бекжанов.

Құралай ханымның айтуынша, зәулім үйде көмекші қызметшілері жоқ. Екі бойжеткен қызы қолғабыс етеді. Дастархан жасау, үй жинау сынды жұмыстарды қыздары атқарады екен.

«Бұған дейін көмекшілеріміз болды. Бірақ карантинге байланысты көмекшілерді жібердік. Екі қызым көмекшім. Қонақ келсе, дастарханды солар жасайды. Үйді өздері жинайды. Ата-енем бар, бала-шағам бар. Сондықтан үлкен үйге келдік. Мирас өзі барлық нәрседе үлкен болғанды жақсы көреді. Мен де үлкенмін. Көлігі де үлкен. Үйі де үлкен», — деп әзілдеді Құралай ханым.

Мирас пен Құралайды қыздары дін жолында. Дін сабақтарын оқып, білімін жетілдіріп жатыр. Әкесінің нұсқауымен хиджаб киген.

«Мен қыздарыма дұрыс тәрбие берсем деймін. Сондықтан дінді үйренгені жақсы. Хиджаб киіп, намаз оқығаны жақсы. Қолымнан келгенше үйретіп, әкелік парызымды орындап жүрмін. Қыздардың ерте тұрмысқа шыққаны дұрыс. Егер 18-ге толғанда лайықты, иманды, жақсы азамат болса, тұрмысқа беруге дайынмын. Ұлымның өзіне 18 жасқа толғанда үйленесің, мен тауып берген қызды аласың деп құлағына құйып жатырмын», — деді әнші.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...