Өмір сыйла – донор бол

Донорлық-бұл құрметті және лайықты құрмет. Қазіргі адам қоғам өмірінде өзінің рөлін сезінуі және қоғамның әрбір мүшесі басқалармен тығыз байланысты болуы тиіс екенін түсінуі қажет. Донор болу-бұл өзінің азаматтық ұстанымын танытудың және оған мұқтаж адамдарға көмектесудің тамаша тәсілі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері өздерінің ішкі наным-сенімі бойынша қан тапсырды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қан тапсыру бойынша акцияларға қатыса отырып, бірнеше жыл қатарынан донор болып келеді. Өйткені күн сайын қан әр түрлі апаттарда, жарақаттан зардап шеккендерге, күрделі операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға қажет.

Өз кезегінде «Облыстық қан орталығының» мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал донор ретінде тек ауыр аурулары жоқ адамдар ғана бола алады.

Облыстық қан орталығы СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы мен жеке құрамына үнемі қан құюға мұқтаж және ауыратындарға көмек көрсеткендері үшін, белсенді азаматтық ұстанымдары мен Солтүстік Қазақстан облысында донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдірді.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...