Министрлер кабинеті такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған әлеуметтік пакет жобасын мақұлдады

Онлайн-сервистердің жүргізушілері мен курьерлерін әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда 500 мыңнан аса адамның түрлі онлайн-сервистерге жұмыс істейтінін айтып өтті. Премьер-министр еңбер министрінен бұл санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру үшін қандай шара қабылданып жатқанын сұрады. 

«Өткен аптада біз 8 негізгі онлайн платформаның операторларымен кездестік. Олар платформа арқылы жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тартуға толығымен келісті. Сондықтан 1 шілдеден бастап жоба пилоттық режимде жұмыс істейді. «Яндекс» және өзге де сервистерде ерекшеліктер бар. Осыған сай жоба жұмыс істейді. Нәтижесінде заңға тиісті өзгерістер енгізіледі», – деді министр.

Премьер-министр де жобаны қолдайтынын мәлімдеді. Ол бюрократияық және өзге де кедергілерді жоюға тапсырма берді. 

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...