Министрлер қазақстандықтармен қашан және қайда кездеседі?

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілген ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған болатын.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша тұрғындарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық — кездесудің кемінде 75 пайызы «сұрақ-жауап» форматында өтетіні айтылды.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы Үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...