Министр Семей полигоны туралы: Жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ

Үкіметте бұрынғы Семей ядролық полигонының шартты түрде таза жерінің бір бөлігін қолданысқа беру ұсынылды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Полигон жабылғалы бері бірқатар проблемалық мәселе анықталды. Бұрынғы Семей полигонының жерлері үш облыс әкімдіктері қарамағындағы босалқы жерлерге жатады, бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттері мен осы аумақтарда болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады.

Полигонның артық ластанған жерлерін қалпына келтіру және рекультивациялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Сондай-ақ, радиоактив ластану деңгейін тұрақты бақылаудың болмауына байланысты радиоактив ластанудың миграциясы туралы өзекті деректер жоқ. Ластанған және таза аумақтардың бөлінбеуінен бүгінде қолдануға жарамды жерлердің едәуір бөлігі бос тұр«, — деді министр Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, бұл мәселелер шешімі депутаттар бірінші оқылымда қараған «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасында нақты көрсетілген.

Заң жобасында мыналар ұсынылған:

  • бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы жұмыстардың орындалуына жауапты ұйымды тағайындау;
  • кешенді экологиялық зерттеу және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша радиациялық шектен тыс ластануы бар аумақтардың және шартты түрде таза жерлердің шекаралары мен ауданын айқындау;
  • ластанған жерлерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру;
  • бұрынғы полигонның ластанған аумақтарын қалпына келтіру;
  • аймақ аумағындағы радиациялық жағдайды бақылау;
  • бұрынғы полигонның шартты түрде таза жерлерін шаруашылық айналымға беру.

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде – Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық...

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында «Жасыл болашақ» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық...

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...