Министр көлік тапшылығы туралы сұраққа жауап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жаңа көліктердің бағасы мен тапшылығына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министрге Қазақстанда жасалған көліктер неге қымбат деген сұрақ қойылды.

«Мұнда әр модельді жеке-жеке қарап, сосын барып бағаны салыстыру керек. Қажет болса, мен өндірушілерден көлік құны неге қымбат екенін, оның іші неден тұратынын жеке-жеке сұраймын», — деп жауап берді Өскенбаев.

Сондай-ақ министрге автосалондардағы жаңа көліктердің тапшылығы жағдайында жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосудың орындылығы туралы сұрақ қойылды.

«Ақша болады, бірақ көлік болмайды, неге қандай да бір бөгет қояюға тырысасыңдар?», – деді журналистер.

Қазақстандағы автомобильдердің жетіспеушілігі туралы мәселені көтерген дұрыс деді Қайырбек Өскенбаев

«Қазір шынымен де үш-төрт ай кезекте тұратындар бар. Бұл мәселе шын мәнінде қиын болса тапсырма беремін. Жақында қазақстандықтар отандық машиналарды алуы үшін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз», — деп толықтырды.

Сондай-ақ журналистер министрге автосалондар тұтынушыларды жаңа көліктерге қосымша құрал-жабдық алуға неге мәжбүрлейтінін сұрады.

Өскенбаев мұндай ақпаратты естімегенін айтты.

«Автосалондар ешкімді артық ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды деп ойлаймын, бұл ерікті түрде болған жағдайлар шығар? Мен мұндай деректерді білмеймін, егер бар болса, айтыңызшы», — деп жауап берді ол.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...