Миллиондарымды өтеу үшін жұмыс жасап жүрмін

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық бөлімінде алаяқтық баптары бойынша екі сотталған азамат жазасын өтеуде.

Соның бірі С есімді азамат өзінің сот үкімімен шыққан атқару парағы бойынша кесілген милллиондарын өтеу үшін жұмыс жасап жүргендігін айтты.

Ол бірнеше адамнан әртүрлі азық- түлікті арзан бағада тауып беремін деп алдын ала төлем ретінде миллиондаған теңге алып, жұртты сан соқтырған .

Бұл қылмысы үшін ҚР ҚК 190-бабының 3- тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айрылған. Қазақта « алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз рас екен.Мен бұл қылмысымды шынында да, тойымсыздығымнан жасадым. Бай болғым келді. Базардағы жақсы табысымды місе тұтпай, мол олжаға кенелгім келді. Күнделікті көтерме бағамен күріш, сабын алып кетіп жүрген «тұтынушыларыма» камазбен алатын болсаңыздар арзан бағада тауып беремін деп айтып едім, келісе кетті.

Есептесттік. Бірнеше милллондарды санап, алдын ала беріп қойды. Бірақ қоймада айтылған мөлшердегі күріш те,сабын да болмай шықты. Барын бердім де, қалғанын түсіп жатса бірден хабар айтармын, күте тұрыңыздар деп шығарып салдым.

Содан не керек олар тоғыз айға жуық күтті. Менің өтірік уәдемнің шегі болмады. « шыдамның да шегі» болады »…. ақырында сотқа берді. Міне, енді сол «аялақтығымның» өтеуін өтеп осында отырмын.

Біріншірет және бес жылға дейінгі жаза мерзімге байланысты осы тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылдым. Кір жуушы әрі моншашы болып жұмыс істеймін. Еңбек ақымның жарты бөлігін, сот шешімімен шыққан берешегіме ұстап қалады. Бұған да шүкір деймін. Үш жылымды өтедім, алда әлі екі жылым қалды.

Жалпы бұл жылдар мені өзгертті. Адалдық туралы көөп ойланатын болдым. Адал ақша табамын деп, базарда алғашқыда арба айдап, жүк тасығанмын. Содан әйеліміз екеуміз маңдай тер ақаша жинап контейнер алып, жалдамалы сатушы болдым. Табысым отбасымды асырауға жететін. Көрмейсіз бе? Соны місе тұтпай,оңай олжа табамын деп орға жығылдым.

Бостандыққа шыққан соң адал еңбек еткім келеді- деп, бір өкініш, бір үмітімен бөлісті 37 жастағы сотталған азамат.

Қандай болған күнде де, алаяқтықтың үлкен — кішісі болмайды, «суайттардың» уәделеріне сеніп,қаншама адам зиян шегуде. Адамдар ауызша берілген кепілген сеніп,  бейтаныс адамдармен түрлі мәмілелерге отыруға даяр болады, ал алаяқтар болса  бұл жағдайларды  өз пайдаларына асырады.

Сондықтан сақ болайық!!!

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...