12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Миллион

Мезгіл – жаз!.. Таңғы сағат алтының шамасы…

Шырт ұйқыда жатқан Алматы тұр­ғындарын: «Көмектесіңдер!.. Көмектесіңдер!..» – деген бейтаныстың жан­айқайы оятып жіберді. Оятқаны өз алдына, шошытты. «Не боп қалды екен!..» – дегендер терезені ашып, жарықты жағып, дауыстың қай жерден шыққанына аса түсініңкіремей алақ-жұлақ етіп қарады да, іштей: «Қой, пәлесінен аулақ…» деп перде артынан ұрлана сығалап, қайтадан жылы көрпесіне сүңгіді де кетті. Бұл айқай Абай мен Алтынсарин көшелері бойындағы алты қабатты үйдің екіншісінен естілген-ді. Білуімізше, мұнда Айсара атты жасы жетпістен асқан кемпір тұрады. Сырты темірмен қапталған есік тас боп бекітілген еді. Амал жоқ, полиция қызметкерлері оны сындыруға мәжбүр болды. Бір кісілер осынау оқыс оқиғаға асқан жанашырлықпен қараса, енді бірі мұны ұялы телефонына түсіріп әлек…

Үйдің іші кісі шошырлық жағдайда…

Заттың бәрі шашылған… терезе сынған… асүйдің краны ашылған… Шыны керек, сарылдап аққан су кісіні сан түрлі ойға жетелейді екен. Шап-шағын үш бөлмеде көзге бірден түсерліктей құнды әрі қымбат мүлік-мүкәммал да жоқ. Екі жиегі ескірген диванның қасында қан жұққан пышақ жатты. Бұдан бөлек, жердегі сынған шыныны, шашылған кітаптарды, екі-үш киімді, бес жүздіктен біреу, екі жүздіктен екеу, елу теңгеліктен төртеу көлеміндегі ақша мен алтын алқаны байқамай өту мүмкін емес. Бұрыштағы шкаф ортаға қарай ойыстырылған (өйткені, өзінен соң ағаш еденді сырып барып із қалдырған екен). Есігінің бір жақ шеті опырыла сынған. Әсілі, қылмыскерлер немесе қылмыскер ішінен бір дүниені іздегенге ұқсайды. Бір кезде, дәретхана жақтан «тырс-тырс» еткен дыбыс естілді. Сол жерге барған полицейлер жиырма үш-жиырма бестердегі жігіттің басы кесіліп, екі аяғы төмен қарай асылып тұрғанын көрді. Дененің әр жері өткір затпен кесілген, іші мен оң жақ жотасы көгере қызарған һәм мәйіт әлі суымапты. Демек, олар алысқа ұзай қоймаған. Кейін анықталғандай, әлгілер жігітті қинап өлтіріпті. Себебі, мұрны, екі қолы, екі аяғы сынған, сынғанда да морт сынбаған, су тиген бордай үгітіліп кеткен. Алдыңғы екі тісі түскен және оң көзі ісіп, жабылып қалған. Демек, жұмсалған соққы қатты болған деуге толық негіз бар әрі бассүйектің оң тұсында ойық табылған. Мұны әйел емес, еркек істегені анық. Криминалист келіп, бәрін зерттеп, қажетті мағлұматты жинады. Артынша аға лейтенант Сапарбаев пен тергеуші, капитан Жақыпов та қылмыс болған жерге жетті. Полицейлер үйді тінтіп шыққан соң подъезге шығып, біріншіден алтыншы қабатқа дейін тексерді. Бірақ, нәтиже жоқ. Ешкімді таппады. Сөйтіп, аулаға шыққанда шіріп кеткен ағаш жанындағы елеусіздеу жерден үйдің иесі – Айсараның жансыз денесі табылды. Қаныпезерлер оның бес жерінен пышақ сұғыпты: үшеуі ішіне, біреуі сол жамбасына, біреуі мойнына (күретамыры үзілген және ол көп қан жоғалтқаны сөзсіз) тиген. Соңғы соққы әлгі кісінің о дүниеге аттануына тікелей себепші болғаны айдан анық. Біздіңше, ақырғы қос соққы артқы жақтан жасалған. Шамалауымызша, кемпірдің қашқан кезінде…

* * *

Келесі күні осы қайғылы жағдайды телеарналардан көрген ел-жұрт жағасын ұстады…

Бұл іске қатысы болуы мүмкін делінгендерді заң қызметкерлері тергеп шықты. Өкінішке қарай, нәтижесіз. Айталық, Айсараның Самал деген көршісі өмірде оның жақсы кісі болғаны туралы баяндаса, Ерлік деген тағы бір көршісі оның қолдан келген көмегін де, ақшасын да аямайтындығын айтты. Тегінде, аузын ашса жүрегі көрінетін аңқылдақ та адал Айсараның үйіне адамдар көп бас сұқпайды екен. Ерте тұрады, ерте ұйықтайды. Біреумен іщай дескенін ешкім естімеген де. Жора-жолдас, туған-туыс, жақын-жуықтары да жоқ боп шықты. Ал, немересі – жалғыз қызының ұлы екен. Қызы бұрнағы кезде күйеуімен ажырасып, баланы шешесіне қалдырады да басқа қалаға көшіп кетеді. Жігіт жаратылысынан тұйықтау, аса ашылып сөйлемейтін жан болған- екен, марқұм. Ең ұнамдысы – ешкімге зияны жоқтығы. Алайда, Ерекеңнің айтуынша, ол біреуден қарыз алып, уақытында қайтара алмапты. Негізінен, өлімге себеп болған бұл дүние емес шығар деген ойдамыз. Бірақ, кім білсін, біздікі жай әншейін долбар ғана ғой. Тергеу барысында Сәкен есімді көршісі былай деп ағынан жарылды:

– Біреудің айқайлағанын естідім. Сөйтіп, үйден шығып, бөлмелерді өзім тексеріп шығуды жөн көрдім. Бірінші қабатта ешкім жоқ екен, ал екіншісін аралап келе жатып, қақ ортадағы бір есіктен әлдебіреудің ары-бері жүргенін сездім. Тарсылдатып ем, әлгі дыбыстың тына қалғаны…

Ал, Жанар деген азаматшаның айтуынша, біреудің айқайлап жүргенін еміс-еміс естігені бар, бірақ ол еркек пе, әлде әйел ме, бұ жағын анықтай алмапты. Қап, әттеген-ай!!! Шамасы, қорқып кеткен ғой. Адам қатты қорыққанда сезім мүшелерінің сезу қабілеті төмендейтіні белгілі. Әсіресе, әйел затында… Ал, Аслан атты көше сыпырушының (таңертең ол сол аумақты жинастырады) сөзін қаперге алсақ, қылмыс болған кезде ол ешқандай айқайды естімепті. Тек бір кісінің екінші қабаттан түскенін көрген. Бірақ, Аслан сабаз таскерең ғой…

Данияр – сол үйдің жанындағы дүкенде сатушы. Ол екі адамды байқап қалыпты. Алайда, өкініштісі – кес­кін-келбетін анық көре алмаған. Байқағаны – біреуінің үстінде қара күртеше, екіншісінде – жемпір. Жемпір қоңыр ма, жасыл ма, әлде сұр түсті ме, ол жағы да белгісіздеу, бірақ, біріншісінде қап-қара күртеше бары даусыз. Ақерке деген осы ауладағы жасы ең үлкен кейуананың сөзінше, Айсара ажал құшарынан екі күн бұрын үйіне бейтаныс келіп, екеуі қатты ұрысып қалған екен. Сонда, ол есікті тарс жауып: «Екінші рет келме!..» – депті ашу шақырып. Апамыз оны ап-анық сипаттап беріпті: шашы – қара, мұрны – қыр, мысықмұрт, ернінің жоғарғы оң жағында жырығы бар, құлағы – үлкен, мойны – ұзын, бойы – орташа, отырғанда сол аяғы дірілдейді (бұрынғылардың жадына таңқаласың). Неге апам оны дәл байқады деген сұрақ осы әңгіменің авторы ретінде мені де қатты мазалады. Сөйтсем, әлгі еркегіңіз ұрыстан соң далада демалып отырған Ақеркенің жанына барып отырып, екі шылымды қатарынан шегіпті. Шеккенде де тұп-тура кегі кеткендей құшырлана сорып, Айсараның терезесіне ұзақ қарап тұрған екен. Полиция қызметкерлері оның «фотороботын» түзген-ді. Бәрі содан күдіктеніп еді, кейін белгілі болғанындай, сол реніштен соң Олжас үйіне барып жүрегін ұстаған күйі құлаған екен. Инфаркт… Ота жасалыпты, қазір ауруханада жатыр. Құралай атты студент қыздан алған мәліметке сәйкес, сол кезде еркек кісіні емес, екі әйелді көріпті. Полицейлердің бір байқағаны балконның ағаштан қиылып жасалған есігі жабық боп шыққан. Кілті сыртында қалған, ал ішінен жіппен тартып байлап тастаған. Кім байлады? Белгісіз!.. Сонда олар есіктен кіріп, мұны құлыптап, балконнан түскен бе?! Және Айсара далаға қалай, қайдан шыққан?! Сұрақ көп, жауап жоқ! Радиодан «осы іске қатысты бір күдікті ұсталды, бірақ дәлелдің аздығына байланысты босатылды» деген хабарды да құлағымыз шалып қалды. Қаңқу әңгімелер көбейді. Бірі – «қылмыскерлер кемпір мен оның немересін қасақана, кек алу мақсатында өлтірді» деп гөйітсе, енді бірі – «үйіне ұрлыққа түскендер жер жастандырды» десті. Бірақ, капитан Жақыповтың ойынша, екеуін бір емес, екі адам өлтірген. Әлгі қайтыс болған жігіттің сол қабырғасының үшеуі сынған әрі мойнында қан ұйып қалған. Яғни, қандықол қарақшылар оны өлтірмес бұрын қылғындырып, әбден қинағанға ұқсайды. Ал, Айсараның денесінен ондай іздер табылмады. Суыққанды капитан нақты шешім шығаруға асықпады, әліптің артын бақты. Себебін айтайын, қылмыскерлердің мотивін анықтағысы келді. Бұған қоса, куәгерлердің де сөзі бір жерге тоқайласпайды.

* * *

Оқиға орнына барып, ұзақ уақыт үнсіз ғана зерттеген Жақыпов ойға шомды. Аздан соң ойлы қалпынан танба­ған тергеуші жанындағы Сапарбаевқа былай деді:

– Бұлар не іздеді? Және соны тапты ма екен? Қылмыстың қозғаушы күші – сол! Әуелі, әлгілердің мақсатын анықтап алған жөн.

– Оларда ешқандай мақсат-мұрат болмаған да шығар?! Олар мұны жос­парламауы да мүмкін ғой… – деді өзіне сенімді серігі сұраулы жүзбен.

– Қателеспе, Сапарбаев! Одан да сен детальдарға мән бер. Мұны жақын араласатын, бұл үйді жақсы білетін адамдар істеген. Екінші қабатқа көтерілгенде не байқадың? – деді капитан оң қолын иегіне артып.

– Ештеңе – деді серігі оқыс сауалға деген таңданысын жасыра алмай.

– Қанды көрдің бе?!

Тәжірибесі әлі толыспаған, дегенмен көзінде оты бар лейтенант подъезге шықты да, қайтадан оралды.

– Иә.

– Енді, тыңда! Меніңше, қылмыс­керлер ойран-топырды бірден бастамаған. Алдымен пышақпен қорқытқан. Себебі, әлгі айқай таңғы сағат алтының кезінде естілген.

– Мүмкін пистолетпен шығар?!

– Оны да жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, гильза қайда? Мұнда «оларда пистолет болса, оны неге қолданбады?» деген сұрақ туындайды. Одан кейін… қылмыскер кемпірді пышақпен ішінен ұрған. Ол қорғанып жатқанда немересі дәретханадан шығады. Сұрастыруымша, жігіт спортпен айналысқан екен. Күреспен. Өйткені, құлағы сынған. Сол кезде кемпір далаға шығады. Ал, қылмыскерлер жігітке шамасы жетпейтінін біліп қатты затпен, шамасы темірмен ұрады. Ал, екіншісі келіп оң жағынан пышақ сұғады.

Сапарбаев аз-кем үнсіздіктен соң:

– Олар екеу емес, үшеу шығар капитан!

– Жоқ, екеу. Себебі, мен екі ізді ғана байқадым. Демек, бұл үйге бір, бір жарым ай көлемінде бөтен ешкім келмеген. Ең қызығы, біреуінің аяғы үлкен, екіншісінікі орташа… Демек, дене-тұрқы да сондай. 

– Так!.. – деді Сапарбаев ойланып.

– Жігітті өлтірген қылмыскерлер оның басын кесіп, төмен салбыратып іліп қояды да есікті іштен кілттейді. Кемпірдің далада жүргенінен және біреу келіп қала ма деп сезіктенген бір қылмыскер арқан арқылы жерге түседі. Өйткені, мына балкон басқа үйлерге қарағанда биік. Абайламаса, аяқты сындырып алу қаупі бар. Біріншісі жерге түскенде, екіншісі үйдің ішіндегі заттарды ақтарыстырады. Алайда, асыққаны соншалық, ештеңе алып үлгермейді. Олар өздерімен бірге жіп пен арқанды алып келген. Арқанмен төмен қарай түскен, ал жіппен балконның есігін жап­қан. Кілті сыртында қалған. Меніңше, олар балконның кілті қайда тұрғанын білген және оны үйдің иелері көп қолданбайтыны көрініп-ақ тұр.

– Бұл екеуін өлтіру кімге қажет болды екен? – деді серігі терезеге қарап.

– Оны қазір анықтаймыз! – деп бір рет қана қолдануға жарайтын қолғап берді де: – Үйді толығымен тінтіп шығу керек. Меніңше, олар…

– Немесе ол…

– Жоқ, олар… – деп кідірді де, сөзін ары қарай жалғай түсті – Бір нәрсе іздеген. Бірақ, таппаған. Таппауына себеп – сезіктену… Асүйдегі судың сарылдап аққаны есіңде ғой…

– Иә, деді – аға лейтенант.

– Суша аққан қан біреуінің бетіне тиген. Ол бір қолғабын шешіп, жылдам-жылдам жуынады да, асыққаны соншалық, анау бір жерге ұмытып кетеді. Пакетке сал.

– Бұл өлген жігіттікі шығар.

– Қателеспе, бас бармақ пен шы­нашаққа киілетін тұсқа қан жұққан.

– А-а-а!

– Сократ: «Истина где то рядом!» – деген екен.

Жақыпов пен оның жанындағы серігі астаң-кестеңі шыққан үйдегі заттарды алаңсыз ақтарды. Белгілі бір уақыттан кейін капитан линолеумды пышақпен кесті да жерқойманың қақпағын ашты:

– Олар осыны іздеді! – деп ақшыл сұр матамен оралған ақшаны көрсетті. Айға шағылысқан ақша бір сәтке қорқынышты көрінді. Жақыпов санай бастады: 1000 000 теңге. – Шамасы, мұны әлгі әйел мен немересі қосылып жинаған. Және бұл туралы біреулер білген. Бірақ, кім?..

– Қазір миллион деген ақша болмай қалды ғой.

Жақыпов бұл сөзге мән бермеді. Себебі, дәл осы сәтте оған керемет ой келді:

– Қылмыскерлер бұл жерге тағы да келеді, Сапарбаев! Мынаның артынан… – деп ақшаны нұсқады.

– Ой, олар мұнда екі-үш айсыз ая­ғын аттап баспайды. Немесе мүлде кел­меуі де мүмкін…

– Қателеспе! Бір айдың ішінде келеді.

– Неге?

– Себебі, бұл ақшаны басқалар алып кете ме деп қорқады.

– Ай, қайдам!

– Кел, бәс тігейік!

– Егер сен ұтылсаң онда мені ресторанға алып барасың, – деді Сапарбаев.

– Ал, егер де сен ұтылсаң маған кітап сатып алып бересің.

– Қандай?

– Криминалистика туралы.

– Келістік!

Содан бастап кеш батысымен-ақ екеуі күнде қылмыс болған жерді торуылдайтын әдет тапты. Қақпан құрған аңшыларға ұқсап, көлігін ыңғайлы жерге қойып, екінші қабатқа қарап отырады. Серігі бір мызғып алса, Жақыпов сергек отырады. Шіліңгір шілденің аяғы еді. Содан, 28-і күні, түнгі сағат 00:45-те қап-қара киінген екі адам балконның маңына келіп, арлы-берлі ұзақ жүрді. Біреуінің бойы ұзын, ал екіншісінікі тапалдау екен. Серігі капитанға:  

– Аналарды қара! Келді! – деді балаша қуанып.

– Тс-с-с-с! Ақылдасып алайық! Мен есіктен кіремін. Ал, сен балконның астында күт, – деді сыбырлап.

Әлгі екеуі балконға басында ілмегі бар арқанды лақтырып, алдымен ұзыны, артынша тапалдауы көтерілді.

– Ал, кеттік! – деп Жақыпов пистолетін сайлап, жүгіре жөнелді.

Екінші қабатқа көтеріліп, есіктің жа­нына келгенде күбір-сыбыр әңгімені естіп қалды да, бірақ ол сап тыйылды. Капитан оны өзінде бар кілтпен (дуб­ликат) жай ашып, кіріп келе жатқанда әлгі екеуі оған жабыла кетті. Сыртта күтіп тұрған серігі «тарс» еткен дыбыс­тан сезіктеніп, ол да жоғары шығып, бөлмеге жүгіріп кіреді. Қызыл қырғын басталды. Жақыпов ұзынын қылғындырып жатыр екен. Ал, серігі әлгі тапалды бір бұрышқа тығып алып, әбден ұрады да қолын қайырып, кісен салады. Екеуін екі орындыққа байлап қойып:

– Оқиғаның қалай болғанын өздерің баяндайсыңдар ма, әлде айтып берейін бе? – деді Жақыпов сенімді, бірақ, ентіге сөйлеп. – Атың кім?

– Берік! – деді тапалы.

– Жейдемді жырттың ғой, Берік!

– Өтірік айтып тұр! Дегенмен, ма­ңыз­ды емес. Беріксің бе, Серіксің бе, ол жағы тергеу барысында анықталады. Қылмыскердің басы төске құлап, дорбаға салынған қатықтай салбырап кетті. Ал, ұзынтұра өз ісіне масаттанғандай, суық жымиып, жан-жағына маңғаздана көз тастады. Ол бір рет сотталып, түрмеге отырып шыққан екен. Кемпір мен оның немересін де өлтірген сол болуы керек.

– Менің еш кінәм жоқ!

– Сонда кім кінәлі?

– Мынау!

– Сендейлерді «соучастник» дейді!

– Бұл үйді қайдан білесің? Шыныңды айт! Ол да сот барысында ескеріледі.

Тапалдауы біразға дейін үнсіз отыр­ды да:

– Бұл кемпірді танығаныма екі жылдан асты. Сантехник болып жұмыс істеп жүрдім. Содан, апамыздың сеніміне кірдім. Көбінесе кешке келетінмін. Ешкім көрмес үшін… – деді ауыр жұтынып. Жұтқыншағы бір көтеріліп барып, қайтадан орнына түсті.

– И-и-и-и?.. – деді капитан мұрны­нан аққан қанды сүртіп.

– Әңгіме арасында апамыз жинап жүрген ақшасы туралы айтты. Сөйтіп жүргенде қаржы қажет болды.

– Қанша?

– Төрт жүз мың! Бірақ, шыны керек, ұрлауға жүрегім дауаламады. Бір жағынан қорықтым. Және мұның арты адам өлімімен аяқталады деп ойлаған да жоқпын. Мына жігіт көрші пәтерде тұратын. Біздің жанымызда. Айтып едім, келісе кетті.

– Екеуін кім өлтірді?

Өлі тыныштық орнады.

– Кім өлтірді деймін? – деп капитан айқай салды.

– Мен! – деді бағанадан бері үнсіз отырған ұзынтұра. – Жігітке шамамыз жетпейтінін білдік те, темірмен ұрдық… содан соң пышақтап тастадым. Денесін бөлшектейміз бе деп ойлағанмын. Уақыт жетпеді… Басын ғана кестім. Кемпір көшеде айқайлап жүрген соң далаға шықтым да, артынан пышақпен ұрдым.

– Түсінікті! – деді Жақыпов. – Кітап қарыз болдың, бауырым! – деді ол Сапарбаевқа қарап жымиып.        

* * *

Кейін Сот-медициалық сараптама қорытындысы бойынша қос қылмыс­кердің де ақыл есінде ауытқушылық байқалмағаны толықтай анықталды. Сөйтіп, бұл қылмысқа да нүкте қойылды…

Әлібек БАЙБОЛ

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...