“Менің елім” атты психологиялық тренинг өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат — деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 05.12.2024 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілер арасында “16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі” қарсаңында «Менің елім» атты психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: Мереке қарсаңында Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестеріне тоқталып, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Ұжымдық жағымды ахуал орнатып, өзара қарым-қатынасты нығайту. Сайыстыра отырып, отансүйгіштікке баулу және ұлтжандылықты қалыптастыру.
Шараға «Шапағат» ҚҚ директорының орынбасары М.Құбышев, «Оңалту» бөлімінің басшысы Р.Қалмазұлы, Орталықтың теолог маманы Н.Данаева, психолог мамандары Г.Кубышева, Ф.Самирова қатысты.
Тренингтің алғашқы бөлімі «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» жаттығуында әр қатысушы қолына алма муляжын ұстай отырып, психолог қойған «Мен соңғы рет қашан …» «өз еліме деген мақтаныш сезімін сезіндім?», «туған жеріме жақсылық жасадым?», «өз халқым үшін мақтандым?», «өз халқымның әдет-ғұрпын сақтадым?», «өз Отанымның намысын қорғадым?» сұрақтарына шынайы жауап береді.
«Қызықты деректер», «Пантомимика», «Кім тапқыр», «Сөз құрау», «Жалғасын тап» сынды бөлімдер арқылы қатысушылар білімдерін шыңдап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Тренинг «Мен елімнің бақытты азаматымын» жаттығуымен қорытындыланып, қатысушылармен кері байланыс жасалды.
Соңында мерекеге орай дастархан жайылып, бостандыққа шыққалы жатырған жазасын өтеушілердің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтылды.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...