«Менің босатылғаннан кейінгі өмірім»

Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 3 мекемесінде сотталғандар арасында «Бұл әлем қандай керемет», «Менің болашағым», «Менің азаттықтан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің мақсаттарым» тақырыптарында суреттер, өлеңдер, шығармалар байқауы өткізілді. Іс-шараға әртүрлі жасақтардан сотталғандар қатысты. Көрермендер мен қазылар алқасының назарына суреттер, өлеңдер мен шығармалар түріндегі бірнеше жұмыстар ұсынылды.
«Бұл конкурстар шығармашылық арқылы рухани оңалтуға бағытталған, сондай-ақ сотталғандар арасындағы деструктивті мінез-құлық пен суицидтік көңіл-күйдің алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, іс-шара әр адамның өміріндегі болашақ тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және қиын өмірлік жағдайларда да бұл туралы есте сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетті», — деп түсіндірді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры С. Абильмажинов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...