Менің Астанам өсіп, гүлдене бер

ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесінде Астана Қаласы  күнін мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Аталған іс-шара шеңберінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында суреттер мен өлеңдер байқауы, сондай-ақ вокалдық нөмірлермен толтырылған концерттік бағдарлама өткізілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандарды мәдениетке тартуға, моральдық қасиеттер мен рухани құрамдас бөлікті дамытуға есептелген тәрбие жұмысының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бүгінгі іс-шарада елорданы көшіру фактілері мен тарихы бар шағын роликтер көрсетілді, өйткені Астана тәуелсіз Қазақстанда еліміздің бас қаласы мәртебесіне ие болды, оның қарқынды өсуі елдің табысты дамуының символына айналды.

Мерекелік іс-шараның соңында мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Рахимов Қанат Керімбаевич сөз сөйлеп, қатысушылардың жақсы дайындығы мен ынтасын атап өтіп, оларға жақындары мен туыстарына тезірек оралуларын тілеген, сондай-ақ мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...