12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мені ұнатқан жігіттер көп болды — Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева өзінің халыққа қалай танылғанын айтты. Әнші алғашқы бейнебаяны арқылы көпшілікке танылған. Алайда өзін танытқан режиссер 23 жасында өмірмен қоштасып кете барды.

Бұл туралы «Жарқын жүздесу» бағдарламасындай айтылды,  деп жазады stan.kz.

Меруерт Түсіпбаева өзінің «Қимай сені барамын» атты әнімен танылғанын айтты. Әнді композитор Төлеген Мұхамеджанов жазған. Автор әнін Меруерт Түсіпбаева орындағанын қалаған екен.

«Мұхамеджанов аға жаңа әншіні шығарысы келген. Әнінің жаңа әнші шырқағанын қалады. Бұл ән менің меншігімдегі ән емес. Мен сатып алған жоқпын. Кастинг арқылы мені таңдап алды. Менен кейін де біраз әнші шырқап жүр. Мен осы әнмен танылдым. Мадина Балғабаеваның досы болатын. Жас режиссер еді. Соған айтып жатып бейнабаян түсірдік. Бейнебаянда жолдасым да бар. Кейін жолдасым екеуміздің тағдырымыз бейнебаяндағыдай мазмұнда болды. Біз айырылысып кеттік. Бір камерамен, бір күнде түскен бейнебаян мені халыққа танымал етті. Күйеуім екеуміз ол кезде жатақханада тұратынбыз. Мен жұлдыз болып ояндым», — деді Түсіпбаева.

Әнші халық алдында өзін танымал еткен марқұм режиссердың рухына бас иді.

«Мені танымал еткен жас режиссер 23 жасында өмірден өтіп кете барды. Менің оған алғысым шексіз, көпшілік алдында бас иемін», — деді әнші.

Түсіпбаеваның танымалдығы арта бастағанымен, отбасында қиындық туындай бастаған.

«Өнер адамының жолдасы болған қиын. Мүмкін мен басқа сала маманы болғанда бәрі басқаша болар ма еді. Мені ұнатқан жігіттер көп болды. Сұрақтар туындай бастады. Қызғаныш болды. Ол да әдемі жігіт еді. Ұнатқан қыздар көп болды. Осылайша сезімге селкеу түсті», — деді Меруерт ханым.

Белгілі сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасов Меруерттің «Қимай сені барамын» әнін өз аймағында айтып танылғанын мойындады.

«Жаңа шығып жатқан әнді мен де шырқадым. Тойларға алып шықтым. Елдің бәрі сол үшін долларлап ақша берді. Менің де танымалдығым артты. Бірақ өз аймағымда таныла бастадым. Меруерт оны білмейтін шығар», — деді Жолдасов.

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...