Менің міндетім : сұрау, түсіну, көмектесу

Адам жанын түсіне білу, зерттей білу үлкен өнер. Сондай маман иелерінің бірі – психолог. Олар өздерінің білімімен біліктілігіне сүйене отырып, өзгелердің тығырықтан шығуына көмектесетін ізгі жанның бірі.

Психолог – жәрдемші, психолог- көмекші, психолог – өзгелердің жан дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Сондай жанданрдың бірі – ЗК-169/1 тергеу изоляторының инспектор психологы Айбек Орынбаев.

Айбек бұл мекемеге Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетті бітіре сала келіп, жұмысқа орналасты.

Өзінің айтуы бойынша ҚАЖ саласасын таңдауына мамандығына деген сүйіспеншілігі жетеледі. Өйткені мұнда, нағыз психологтың көмегіне зәру, қиын жағдайға тап болып, істі болған азаматтармен жұмыс жасалады.

— Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандарға психологиялық кеңес беру, олардың өмір сүруге деген құлшынысын ояту, қоғам қатарына қосу менің басты қызметтік міндетім болып табылады.

« Жүрегіңнің түбіне үңіле білсең ғана қырағы бола аласың. Сыртына қараған адам тек түс көреді, ішіне үңілген – оянады »- деп атақты психолог Карл Юнг айтқандай, мен алдыма келген сотталғанмен сұрау, түсіну, көмектесу әдісі арқылы жұмыс жасаймын.

Яғни, олармен әңгімелесу барысында шағымын мұқият тыңдап,оның ойларын мақұлдап, қолдау көрсетемін.

Сонда сотталған өзін түсініп, тыңдайтын адам бар екенін біліп, ішкі жан дүниесіндегі сырын ашып, өз ойларымен бөліседі.

Ал топпен жұмыс жасағанда әртүрлі тренингтерді пайдаланамыз.
Бұл жолы « Өрмекші» әдісімен олардың бойын билеген үрей, қорқыныш сезімінен арылтып, басқа түскен қиындықтардан шығудың жолы міндетті түрде болатындығына көз жеткіздік- дейді, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандармен кезекті тренингін өткізген психолог жас маман.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...