«Мен коронавируспен қалай ауырдым?»

Ұлыбританиядағы Маржан есімді қазақстандық коронавирустан қалай емделгені туралы Instagram желісінде жазба жариялады. Ол үй карантинінде қажетті ем шараларын алып, қалай күтінгенін ашып айтты.

– Барлығы 2 апта бұрын басталды. Кенеттен басым ауырып, өзімді әлсіз сезіндім. Бір аптаның ішінде осы аурудың белгілі болды. Бірде пайда болып, бірде жоқ болды. Дүйсенбіден бастап Борис Джонсон елдегі аса (дәрігерлер, көлік жүргізушілері) қажетті мамандық иелерінен басқа барлық адамдарға үйде қашықтықтан жұмыс жасауға бұйырды. Сол себепті сейсенбіден бастап үйден жұмыс істедім, бірнеше рет онлайн кездесу өткіздім, алайда түстен кейін демалыс алдым. Себебі өзімді нашар сезіндім. Ал түнде дене қызуым көтерілді. Келесі күні жалғаса берді, бірақ бұлшық еттерім ауырып, қалтырау сынды белгілер пайда болды. Суық тию белгілері, жөтел болған жоқ, – деді Маржан есімді желі қолданушысы. Оның айтуынша, бейсенбі күні температурасы түсіп, өзін әлсіз  сезінген. Тек шомылу мен намазға тұрып жүрген. Сондай-ақ ол ауырған уақытта ешқандай иісті сезбегенін атап өтті. ⠀

– Кейіннен дәрігер бұның коронавирус екенін анықтады. Ешқандай ем жоғын және демалып, иммунитетім ауруды жеңгенше күтінуімді айтты. Құдайға шүкір, менде темекі шегіп, ішіп, тыныс алу аурулары болмады. Күйеуім күнделікті бал қосылған имбирь сусынын дайындап береді. Иммунитетімді көтеру үшін жасалып жатқан барлық дүниелер әсер етіп, жақсы нәтиже беріп жатыр. Кейіннен ұлым да ауырып қалды, алайда балалар бұл вируспен жақсы күреседі екен, – деді Маржан. Ол желідегі оқырмандарына коронавирустың белгілері табылған жағдайда ешқандай дүрбелеңге салмай, үй жағдайында қалай күтіну қажеттігін атап айтты.  ⠀

– Ауырған адамдардың 80%-ы үй жағдайында жазылады, оларда менікі сияқты аурудың белгілері немесе одан жеңіл түрлері болуы мүмкін. Ең бастысы – дүрбелеңге салмау. Жаратушы адамның өмірінің соңын ауруға алып келсе, одан ешқандай жолмен қашып құтыла алмайсың, керісінше оған шахид дәрежесі беріледі. Ал егер аурудың таралмауы үшін үйде отырған адамдарға сауап шахидпен бірдей беріледі, – деп ол оқырмандарын сабырға шақырды.
Маржан өзінің бастан кешкен оқиғасын баяндай отырып, дәрігерлердің гигиенаға байланысты кеңестерін үздіксіз орындауға және иммунитетті күшейтіуге кеңес берді.  – Себебі, иммунитет – вируспен күреседі. Жаңа дайындалған көкөніс пен жеміс сусындарын, қара зире майын ішіңіздер, сонымен қатар дәрумендерге бай табиғи тағамдарды жеңіздер. Егер де деніңіз сау болса, спортпен шұғылданыңыздар. Аурудың белгілері табылса, қорғанып, өзіңізді оқшаулаңыз, – деп сөзін түйіндеді.

qamshy.kz

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.