12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік — жекешелік әріптестіктің берері мол

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ (МЖӘ) ДАМЫТУҒА БАРЫНША КӨҢІЛ БӨЛІНГЕН. ӨЙТКЕНІ, БҰЛ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ. РЕСМИ МӘЛІМЕТТЕР ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕЛІМІЗДЕ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 1,2 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 789 ЖОБАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІКЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН КӨРСЕТІП ОТЫР. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ҰҒЫМЫН ТҮСІНДІРІП ӨТСЕК, БІР ТАРАП – МЕМЛЕКЕТ, ЕКІНШІ ТАРАП – ЖЕКЕ АДАМ. ОСЫ ЕКЕУІ БІРІГІП, БЕЛГІЛІ БІР ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ. БҰЛ ТҰРҒЫДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР МЕМЛЕКЕТ ПЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ, ЕКІ ТАРАПТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ТӘУЕКЕЛДЕ БАСЫМДЫҚ ТАНЫТСА, ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТІН ӨЗІНЕ АЛАДЫ.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған дəстүрлі жолдауында «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы əзірлеу қажет. Əсіресе, халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керек. Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдары мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəсілімен қаржыландырып, толық жүзеге асыратын ауқымды жобалардың тізімін жасауды тапсырамын» деп, МЖƏ аясындағы жобалардың сапасына қатысты арнайы тапсырма берген болатын. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарт жасасу тек конкурстық негізде жүргізіледі, яғни, бұл ретте веб-портал іске қосылған. Осы арқылы адами факторға шектеу қойылған. Цифрландыру өз кезегінде конкурстық үдерістерді жеңілдетіп, ашықтықты қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мемлекеттік сатып алуды айналып өтуге, жемқорлыққа жол бермейді. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларды іске асырудың міндетті талаптары бар. Ел Үкіметі бекіткен 2024-2028 жылдарға арналған МЖƏ дамытудың кешенді жоспарында білім беру, денсаулық сақтау, спорт жəне əлеуметтік қорғау салаларындағы 43 жоба қамтылған. Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік əріптестік орталығының мəліметінше, 19 жыл ішінде елімізде жалпы 2,6 трлн теңгеге 1100-ден астам келісімшарт жасалған. Жоғарыда айтқанымыздай, олар білім беру, денсаулық сақтау, энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына бағытталған. Рəсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін азайту жəне инвестициялық тартымдылықты арттыру МЖƏ-нің басты мақсаты саналады. Тағы да ресми деректерге жүгінсек, жобаларды жүзеге асырудан Түркістан, Шығыс Қазақстан жəне Атырау облыстары көш басында тұр. МЖƏ аясында «Балапан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылды, көптеген жаңа балабақшалар ашылды. Яғни, балабақшаға деген қажеттілік осы МЖƏ арқылы тиімді шешілгенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ауылдарда дəрігерлік амбулаториялар салынып, білім беру ұйымдарының асханалары жаңартылды. Қалалық жерлерде ойыналаңдары салынып, көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылды. Аталған əріптестік аясында бұдан да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр деуге толық негіз бар. Оған Түркістанда əуежай, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата əуежайында жаңадан жолаушылар терминалы салынғаны дəлел. Бұған қоса Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз аренасы жеті жылға есептелген МЖƏ жобасымен іске асырылып жатыр. Сонымен бірге Елорданың білім беру саласында 9 МЖƏ шарты жасалған. Атап айтсақ, 360 орындық балабақша, 12 мың оқушыға арналған 6 жалпы білім беретін мектеп, студенттік жатақхана салу жəне Гуманитарлық колледжді сенімгерлік басқаруға беру жоспарлары бар. Өңір саясатын жүргізетін негізгі тетіктердің бірі мемлекеттік-жекешелік əріптестік десек, Түркістан аймағында соңғы жеті жылда 240 жобаға келісімшарт жасалған. Нəтижесінде кəсіпкерлер 247 млрд 300 млн теңгеге мемлекеттік міндеттеме алған. Елімізде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын жүзеге асыруға отандық кəсіпкерлермен бірге шетелдік компаниялар да қатысуда. МЖƏ-нің артықшылығы жеке кəсіпкер өзі бастама көтеріп, жобаны ұсынады. Яғни, кəсіпкердің өзі қызыққан жобаны дайындап, оны мемлекетпен бірлесе отырып жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар. ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат жəне қаржы секторын дамыту департаменті тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыс мемлекеттік-жекешелік əріптестік құралының тиімділігін арттырумен қатар, инвестиция тартуды одан əрі ынталандыру мақсатын көздейді. Сондай-ақ, рəсімдерді оңтайландыру, үлгілік құжаттаманы қолдану арқылы жүзеге асырылатын бағдарламалық МЖƏ жобаларды жоспарлау, сараптама жүргізуге кететін мемлекеттік шығындарды қысқарту қарастырылған. Яғни, бағдарламалық МЖƏ шеңберінде салалық орталық мемлекеттік органдар МЖƏ жобаларының базалық параметрлерін өз бетінше айқындап, жеке серіктесті таңдау мен МЖƏ шартына қол қою қағидаларын өздері бекітеді. Бұған қоса салалық ерекшеліктерді ескеру арқылы конкурс өткізуге арналған үлгілік құжаттардың дайын пакетін қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік ел экономикасын дамытудағы маңызды құрал болғандықтан, стратегиялық салаларға инвестиция тартудың мүмкіндігін арттырады. Сондықтан, халық игілігі үшін мемлекет пен бизнестің, қоғамның бірлесе отырып пайда əкелуге жұмылуы өте маңызды. Барлық уақытта республикамыздың жарқын болашағы, табысты болуы үшін МЖƏ тетіктерін үздіксіз жетілдіріп, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сол арқылы пайда əкелетін жобаларды жүзеге асыру шаралары жалғаса берері анық.

Т. СМАҒҰЛҚЫЗЫ, журналист

Поисково-спасательные работы продолжаются

В РАЙОНЕ СОРБУЛАКСКОГО ВОДОХРАНИЛИЩА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕТВЕРТЫЕ СУТКИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ШИРОКОМАСШТАБНАЯ ПОИСКОВО-СПАСАТЕЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ ПО ОБНАРУЖЕНИЮ ВОЕННОГО ВЕРТОЛЕТА EC-145, ПРИНАДЛЕЖАВШЕГО СИЛАМ ВОЗДУШНОЙ ОБОРОНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН.

25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы өседі

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді.

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?

Конституция күні - Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындылары белгілі болды. Тестілеу...

Алматы қаласының халқы 2,3 миллионнан асты

Алматының ресми тіркелген халқы бүгінде 2 миллион 300 мыңнан асып отыр.