Мемлекеттік қызметті
цифрландыру жалғасады

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.
Дархан Жазықбаев мемлекеттік қыз­метке кіру үшін артық кедергі мен тосқауылды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жұмысынан хабардар етіп, 2022–2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы «Е-қызмет» базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады.
Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, меритократия қағидатын ілгерілету және адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптас­тыру жөнінде тапсырмалар берді.

Ерлік Ержанұлы,
«Заң газеті»

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...