12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметкерлер тергеу изоляторына келді

Бүгін Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен, ЗК-169/1 тергеу изоляторына мемлекеттік қызметкерлер келді. Басты мақсат: мемлекеттік қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Профилактикалық шаралардың тиімді құралы ретінде бұл қызметкерлерге қылмыс жасаған адамдардың ұсталу шарттары таныстырылды.

Олар камераларды көзімен көріп, қамаудағылардың ұсталу жағдайымен танысты. Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша қамаудағылардың ұсталу жағдайы бәріне бірдей. Сыбайлас жемқорлық бабтары бойынша келіп түскен қамаудағы азаматтарға өзгелерден бөлек жағдай жасалмайды. Мұнда күн тәртібі бәріне бірдей. Кезекпен серуенге шығып, режим бойынша тамақтанып, белгіленген уақытта туыстарымен кездесіп отырады. Әрине,камераларда үйдегідей жұмсақ жиһаздар жоқ. Екі ярусты темір төсек, темір кружка, қалайы қасық, тор терезе, есіктегі кішкене саңлаудан қырағы бақылаушы күні бойы қарап,қимыл іс- әрекетіңді қалт жібермей қарап тұрады.

Оның үстіне барлық жерде бейнебақылау орнатылған. Корупциялық қылмыстары бойынша күдікті не айыпты деп танылғандар сот шешімі не аппеляция шешімі шыққанша осында болады. Сонымен қатар 5жыл мерзімге дейінгі сотталғандар осындағы шаруашылық бөліміне қалдырылады.

Ал кейде бір қаладан, екінші қалаға этаппен кететіндер де мұнда жиі қонып, қатаң бақылауда болады. Қорыта айтқанда, қылмысыңа қарай заңмен жазаланасың- деп, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.Б.Олжабаев келген азаматтарға қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше...

День единства народа Казахстана

"1 мая" - в Казахстане и многих ”День единства...