12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілімен мақтанамын

Бәріне мәлім, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі десек қателеспейміз. Тіпті қазақ есімдерінің барлығында өзіндік мағыналары бар.

Жалпы, мемлекеттік тіл — еліміздің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал.

Елімізде мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру саясатын қолдау мақсатында, қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қатаң бақылауға алынып отыр. Яғни, сот саласында құжат айналымында қазақ тілін қолдану, істерді мүмкіндігінше қазақ тілінде қарау мәселесі әрдайым бақылануда.

Сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар ай сайын жасалынып, жоғарғы сатыдағы сотқа есеп беріледі. Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылдың 12 айында барлық кіріс құжатының (хат-хабарлар, азаматтық іс бойынша талап арыздар мен арыздар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдар) мемлекеттік тіліндегі үлесі бар болғаны 63%-ын ғана құраған, бұл көрсеткіш өте аз десе де болады.

Жалпы, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтін барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Өз тарапынан, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда тұрақты түрде жарияланып, сондай-ақ басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Айта келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қаракөз Сәрсенбайқызы Тілемісова.

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...