12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілдің сот істерінде қолданылуы

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын
мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы болып отыр.

Қазіргі уақытта, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі ретінде басымдық — мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы — сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.
Ата-заң – Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі», — деп көрсетілген.
Қоғамның іргелі дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолдану аясы, берік орнығуы, оның сапалық және сандық үлесінің артуы да аса маңызды. Сот ісін жүргізу тілінің мәні өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы азаматардың қай ұлтқа жататындығына қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі. Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілді қолдануды жетілдірудің алғышарттарына талап қоюды мемлекеттік тілде беру, мекемелер арасында хат алмасуды толығымен мемлекеттік тілде жүргізу жатады. Сот ісін жүргізу тілінің мәні өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы азаматтардың қай ұлтқа қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сонымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады, қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Басқа тілдерді қолданудың қажетті жағдайларына іс жүргізу әрекеттерін орындау және белгілі бір тілде шешімдер қабылдау сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды  қамтамасыз  ететін жағдайлар кіреді.

Қазіргі күні республика соттарында сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың басым бө­лігі қазақ тілін еркін мең­герген, сот төре­лігін мем­лекет­тік тілде сапа­лы жүзеге асы­ра алатын тұл­ғалар, егер де халық сотқа қазақ тілінде жүгінетін болса неме­се өкілетті органдар тергеуді мем­ле­кет­тік тілде жүргізсе, бар­лық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қауқарлы судьялар жеткілікті. Сондықтан еліміздің сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мерейі қашан да жоғары деп айта аламыз.

Кузетаева Динара Зарыкбековна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...