12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді дамыту – елдік мәселе

Ұлттың ұлт болып ұйысуы мен елдің өсіп-өркендеуінде, татулық пен тұрақтылықтың сақталуында мемлекеттік тілдің алар орны орасан. Себебі, тіл   Қазақстан халқын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыратын негізгі факторлардың бастысы. Сондықтан, әрбір қазақстандық, әсіресе, мемлекетті құраушы халық қазақ тілін дамытуға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мемлекеттік тілдің көкжиегін кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Бұл ретте мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылданып, ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарында да қазақ тілінің халықаралық мəртебесін арттыруға бағытталған нақты міндеттер қойылған.

Ел Президентінің еліміздің келешегін мемлекеттік тілден бөліп қарауға болмайтынын, сондай-ақ, қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші күшке айналуы тиіс екенін әрбір сөзінде айтуы бекер емес.  Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, сонымен бірге жалпы халық мүдделілік танытқаны ләзім.  Мысалы, кəсіпорындар өз өнімдерін осы тілде жарнамаласа, сондай-ақ, барлық сала қызметі мемлекеттік тілде көрсетілсе, оның қоғамдағы рөлі одан әрі нығайар еді. Мұны айтып отырғанымыз, ел халқының мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге деген көзқарасы әлі де болса биік деңгейге көтерілмей тұр. Соның салдарынан сот жүйесі  де таза мемлекеттік тілде қызмет көрсету мүмкіндігіне ие бола алмай отыр.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне жүгінсек, 14-бапқа сәйкес, азаматтық істерде сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сондай-ақ, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Осы заңдылыққа сүйенген сотқа жүгінушілер көп жағдайда талап арыздарын орыс тілінде береді. Алайда, олардың істі қарау барысында орыс тілін жетік білмейтіні байқалып жатады. Олар мұның себебін талап арыз жазуға көмек берген қорғаушының орыс тілді екенімен байланыстырады. Шын мәнінде әрбір азамат өзінің құқығы мен заңды мүддесін, бостандығын мемлекеттік тілде қорғауға құқылы, оның бұл құқығын бұзуға ешкімге жол берілмейді. Сондықтан, мемлекеттік тілді құрметтеуде қазақстандықтарда ортақ ұстаным болуы тиіс.

 Соңғы жылдары сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші айтарлықтай өсу бар. Мұны сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу шараларының қарқынды жүргізілуімен байланыстыруға болады. Ел соттарында іс жүргізу, сондай-ақ, шығыс және басқа құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады. Судьялар мен сот мамандарына қойылар мемлекеттік тілді толық меңгеру талабы күннен-күнге күшейтілуде. Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан мемлекеттік тілді жоғары деңгейде дамытуға барынша мүдделілік танытуда. Дейтұрғанмен, жоғарыда айтып өткендей, процестік заңнама талаптарына орай, сот ісін жүргізу тілі талап қою берілген тілде іске асырылады. Сондықтан,  азаматтарға кәсіби тұрғыда  көмек көрсетуші заңгерлер сотқа берілетін арызды талап қоюшы жетік меңгерген тілде дайындаса нұр үстіне нұр болар еді.

Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басынан бері 8426 арыз түссе соның 2388-і мемлекеттік тілде болды. Осы 2388 істің 965-іне шешім шығарылып, 85-і татуласуға байланысты тоқтатылды, 1019-ы қараусыз қалдырылды. Соттарда қазақ тілінің кеңінен қолданылуы – азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі саналады. Еліміздің Тіл туралы заңы бойынша әр азамат сотта өз ана тілінде сөйлеуге және құжаттарды өз тілінде ұсынуға құқылы.  Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің басты орынға шығуы – әділдік пен заң үстемдігіне кепілдік етері хақ.

Анар Толықбаева,

Астана қаласының кәмелетке толмағандар

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Права государственных служащих – приоритетное направление 

С первых дней Независимости Казахстан уделяет особое внимание формированию...

Биыл Ата Заңымызға — 30 жыл!

Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Еліміздің...

Неоправданные риски

По данным акимата ВосточноКазахстанской области, в прошлом году за...

Путешествие за гранью времени

Столица Казахстана – это город, гармонично сочетающий современные технологии...

Библиотеки и цифровые технологии

Вопросы внедрения цифровых технологий и искусственного интеллекта, развития культуры...