12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілдің әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей келе жатқанын соттарға мемлекеттік тілде түсетін істер санының аздығынан көруге болады. Мұның басты  сотқа жүгінушілерге, яғни, азаматтарға байланысты. Олай дейтініміз,  соттарға арыз-шағым қай тілде түседі, заң бойынша іс сол тілде қаралады.  Сондықтан, мемлекеттік тілдің мәртебесі әрбір қазақстандық осы тілде сөйлегенде ғана көтеріледі.

Әсіресе, бұл ретте билік басында отырғандар, халық қалаулылары, құқық қорғау, әділет органдары, т.б. жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық қызметкерлер өздерін оларға үлгі ете білулері тиіс. Қарапайым мысал, сотқа жүгінушілер міндетті түрде қорғаушының көмегіне сүйенеді. Сондай кезде  заң палатасының консультанты, адвокат болсын сотқа талап-арыздың мемлекеттік тілде түсуіне мүдделілік танытса, қазақ тілінің өркендеуіне өз үлесін қосар еді. Өкінішке қарай, көп жағдайда, керісінше болып жатады.

Ресми тілді білмейтін замандастарымыз сотта аудармашы алады. Бұл талап-арызды оларға қазақ тілін білмейтін заңгердің жазып бергенін көрсетеді. Заң талабына сай, сотта іс жүргізілетін тілді білмейтін іске қатысушылардың құқықтары түсіндіріледі, қажеттілік туса аудармашымен қамтамасыз етіледі. Жалпы алғанда, соттар тапанынан мемлекетті тілді дамытуға жіті көңіл бөлінген. Мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасына қатаң талаптар қойылып, бұл ретте арнайы нормативтік қаулылар қабылданды. Шығыс құжаттары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақ тілінің рөлін нығайту, сотқа дейінгі материалдар мен істерді дайындауда тіл заңдылығын сақтау сынды тағы басқа мәселелер туралы  іс-шаралар барлық сотта ұйымдастырылады. Бірақ, мұнымен тіл мәселесінің шешілмейтінін, яғни, сот құжаттарының қазақ тілінде жүргізілуі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтпейтінін азаматтар түсінуі керек. Қоғам болып жұмылғанда ғана мемлекеттік тіл өз тұғырына нық қонады.

 «Тілі бірдің тілегі бір» дегендей, барлық отандасымыз қазақ тіліне құрметпен қарағанда ғана біздің бірлігіміз де, тірлігіміз де мықты болады. Қазақ тілі Республикамыздың мемлекеттік тілі. Сондықтан, оны білуге және осы тілде сөйлеуге міндеттіміз.

Г.Тулегенова,

Ырғыз аудандық сотының бас маманы

Ақтөбе облысы

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...