12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту

Қазақ тілінің бай, оралымы көркем, сөздік қоры мол екенін әлем әлдеқашан мойындаған. Қазақ — тіл тазалығына, сөздің өз орнымен қолданылуына терең мән беретін, асқан жауаптылықпен қарайтын халық.
Расында да, тіл – халықтың жан-дүниесін, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ал дала заңын дара заңға айналдырған әділ билер – бүгінгі судьяларға тамаша үлгі. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегенді әділ төрелігімен ғана емес, кестелі сөз, кесімді ойымен мойындатқан дана билердің шешендігі, ділмарлығы кімге болса да өнеге.

Сөзін тұспалдап жеткізіп, ойын сынамалап түсіндіретін, тараптарды тура төрелігімен ғана емес, салмақты тіркестерімен табындырған билердің көп көрген, көп оқығандығына еріксіз риза боласың. Соңына «Жақсы сөз жараны да жазады», «Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады», «Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес» деген ғибратты ой, қанатты сөз қалдырған билердің топқа салса тосылмай шығатын ерекше қасиетті бабаларымыздың білімінің биік, тілді қолданудағы талғамының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Міне, осы билер қалыптастырған тіл байлығын дамытып, ақылды сөздің көмегімен сот алаңында ауыр дауларды шешу – бізге де үлкен ізденістің керектігін ұқтырады.
Абай, Мұхтар, Мұқағали тілінде білім алып, тәрбие-тағылымын жетілдірген бүгінгі ұрпақтың да сөзге қиянат жасауға, мемлекеттік тілдің мәселесіне салғырт қарауға қақысы жоқ. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіп келеді.

Ақтөбе облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы М.О.Жанпеисова

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...