12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл менің тілім

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдерге жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық халықты біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік – коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, қоғамның жан-жақты салаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында нақты қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтап, қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. 1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы Заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстағы талас-тартыс, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы тіл туралы жаңа заң қабылдануы болды. «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы», «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже», «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік қызметшілерді көтермелеу туралы» қаулылары қабылданды. 

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының аясы тиісті әр қазақ отбасында, қоғамда мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолданылуын күшейтіп мәртебесін арттыру баршамызға міндет. Қазақ ұлты барда қасиетті қазақ тілінің қадірі артып, мәңгі жасай берсін! Ана тілдің  жанашыры өзге емес, өзіміз екенін естен шығармайық, ағайын!!!      

Маңғыстау облысының қылмыстық 

істер жөніндегі  мамандандырылған 

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

М.Жебелханова

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...