12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру міндет

«Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ, құр
бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма?»
дегенді алаш ардақтысы Міржақып Дулатов бекер айтқан жоқ. Олай
детйніміз, 33 жылдан бері қазақ тілі мемлекеттік тіл деп келеміз. Бірақ, одан
толық нәтиже шықпауда. Бұған егемен елімізде мемлекеттік тіл мәселесінің
өзектілігін жоймауы, яғни, осы уақытқа дейін қазақ тілінің жүз пайыз
қолданысқа енбеуі дәлел.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, бұл Ата Заңмен
нақтыланған. Соған сәйкес қазақстандықтар қазақ тілін білуге және осы
тілде сөйлеуге міндетті. Өкінішке қарай, мемлекеттік тілге деген
немқұрайдылық басым. Мемлекеттік тіл мемлекеттікті айқындайтын басым
фактор болғандықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын
кезеңі келгенін айтты. Бұл әрбір қазақстандыққа жоғары жауапкершілік
жүктейді. Әсіресе, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері Мемлекет
басшысының тапсырмасын орындауға күш салулары керек.
Еліміздің Жоғарғы Соты бұл тұрғыда барлық шараны қабылдады.
Мәселен, соттардағы іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасы жақсарып, біріздендірілді.
Сондықтан, сот өндірісінің толықтай мемлекеттік тілге көше алмауына
азаматтар сотқа жүгіну тілін өздері таңдауы себеп болып отыр. Өйткені,
сотқа түсетін талап арыздардың басым көпшілігі орыс тілінде беріледі. Заң
талабына сай, іс талап арыз берілген тілде қаралады. Мұның өзі қазақ тілінің
қолданыс аясы кеңеюіне кедергісін тигізуде.
Кез келген мемлекеттің қалыптасуында тіл маңызды рөл атқарады. Осы
себепті, оны дамытуда қатаң талаптар қою, заңмен реттеу жауапкершілік пен
жүйелі жұмыстарды қажет етеді. Ең бастысы, ел азаматтары барлық ортада
қазақша сөйлеуі керек. Бұл, әрине, әрбір адамның отаншылдық сезіміне
байланысты. Балалардың мемлекетке, оның тіліне деген құрметін отбасынан
қалыптастырған жөн.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тіл – ұлттың
қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі». Демек, ұлттық
құндылықтарды дәріптеу үшін алдымен мемлекеттік тіл – қазақ тілін
дамытып, өз тұғырына қондыру керек.
«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып
табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының парызы» екені Конституциямен міндеттелді. Осы міндетті
орындауға әрбір қазақстандық мүдделілік танытса нұр үстіне нұр болар еді.
Нұржан Қалымжанова,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Определение места жительства ребёнка в Республике Казахстан

В Республике Казахстан вопрос о месте жительства ребёнка регулируется...

В Алматы состоится открытая встреча для фрирайдеров

24 декабря 2025 года в гостинице Novotel в Алматы...

«Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Novotel қонақүйінде фрирайдерлерге, тау...

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балаларды арнайы білім беру ұйымына жіберу тәртібі

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау...