12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл ‑ ұлттық болмыстың тірегі

«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі ‑ бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай» (Мағжан Жұмабаев).

Қазақ тілі ‑ ғасырлар бойғы тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды бойына сіңірген ұлттық тіл. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап қазақ тіліне деген көзқарас жаңа деңгейге көтерілді.

1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітіліп, оны білу ‑ Қазақстанның әрбір азаматының азаматтық парызы екені атап көрсетілді. Бұл тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыруға, оның барлық салада қолданылуына нақты құқықтық негіз болды Мемлекеттік тіл мәртебесі ‑ елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын басты белгілердің бірі..

Бүгінде қазақ тілі:білім беру жүйесінде, мемлекеттік басқару мен іс жүргізуде, мәдениет пен ақпараттық кеңістікте, заң және құқық саласында, біртіндеп кеңінен қолданыла бастады. Бұл ‑ мемлекеттік саясаттың нәтижесі әрі қоғамның тілге деген құрметінің артуы.

Ел ішінде мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту және оның қолданылу ауқымын кеңейту мақсатында түрлі бағдарламалар мен тілдік жобалар жүзеге асырылып келеді. Тілге деген құрмет ‑ адам өз тегін, өз мәдениетін, өз елін құрметтегенде ғана көрініс табатын табиғи құбылыс. Ұлттық тілінен қол үзген жан өз халқының арғы-бергі тарихынан да, болашақтан да алыстайтыны анық.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мемлекеттік тіл ‑ қазақ тілі екендігі айқын жазылған. Бұл норма ‑ тек тілдік саясаттың негізі ғана емес, елдің құқықтық жүйесінің құрылымдық тірегінің бірі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін сақтау мен дамыту ‑ әрбір мемлекеттік органның, соның ішінде сот билігінің де тікелей міндеті.

Сот — мемлекеттің билік тармақтарының бірі, әділдік пен заңның үстемдігін қамтамасыз ететін институт. Сондықтан сот жұмысында мемлекеттік тілдің орны ерекше. Судья ретінде біздің қызметімізде: сот актілерін мемлекеттік тілде жазу; сот мәжілістерін, негізінен, мемлекеттік тілде жүргізу; тараптарға қазақ тілінде түсіндірулер мен құқықтық ақпарат беру; іс жүргізу барысында мемлекеттік тілдің тең қолданылуын қамтамасыз ету —әрдайым басымдыққа ие.

Сонымен бірге, тараптардың тілдік құқықтары Конституциямен кепілдікке алынған. Сотта іс жүргізу барысында кез келген адам өзіне түсінікті тілді қолдануға құқылы. Бұл қағида мемлекеттік тілдің мәртебесін төмендетпейді, керісінше, құқықтық әділдіктің тағы бір дәлелі.

Сот актілерінің мемлекеттік тілде жазылуы ‑ құқықтық мәдениеттің көрсеткіші.

Мемлекеттік тілде сауатты жазылған сот шешімі: заңның беделін арттырады; қоғамның құқықтық мәдениетін жоғарылатады; азаматтардың мемлекеттік тілге деген сенімін күшейтеді.

Қазіргі таңда сот жүйесінде құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу үлесі жыл сайын артып келеді. Бұл ‑ тіл саясатының нақты нәтижесі.

Сотта жүргізілетін процестік қатынастар ‑ күрделі құқықтық коммуникация. Сондықтан судьяның да, сот қызметкерлерінің де тілдік сауаты мен қазақ тілінде еркін сөйлеу деңгейі жоғары болуы аса маңызды.

Заң терминдерінің мемлекеттік тілде орнығуы, құқықтық лексиканың бірізденуі ‑ бұл саладағы маңызды міндеттердің бірі. Терминологиялық үйлесімділік заңдарды түсіндіру мен қолдануды жеңілдетеді және құқық қолдану сапасын арттырады. Соңғы жылдары қазақ тіліндегі заң терминдері жүйелендіріліп, бекітіліп, нормативтік актілерге енгізіліп,оқу әдебиеттерінде кеңінен қарастырылып келеді.

Терминологияның жетілдірілуі  жалпы алғанда,сот актілерінің сапасын арттырады; көпмағыналы түсінбеушіліктерді азайтады; заң нормаларын біркелкі түсіндіруге негіз болады.

Қазақ тілінің құқықтық кеңістікте дамуы ‑ ұлттық мүдде. Мемлекеттік тіл ‑ тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттық бірегейліктің, құқықтық тәуелсіздіктің, мемлекеттік тұтастықтың белгісі.

Мемлекеттік тілге деген құрмет ‑ елге, оның тарихы мен болашағына деген құрмет. Қазақ тілін дамыту ‑ тәуелсіздігімізді нығайту, ұлттың рухани кеңістігін кеңейту.

Ж.Бекекнова, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қазақ ұлттық университетіндегі өмір мен болашақ маман ретінде көзқарасым

Университетке қадам басу – әрбір болашақ маман үшін жаңа...

Мыслитель, новатор, учитель… 

СЕГОДНЯ АКАДЕМИЧЕСКОЕ СООБЩЕСТВО КАЗАХСТАНА ОТМЕЧАЕТ ЗНАЧИМОЕ СОБЫТИЕ – 85-ЛЕТНИЙ...

Практика согласительного производства в суде 

Современная уголовная политика Казахстана ориентирована на гуманизацию, повышение эффективности...

Идеологический каркас и нормативные горизонты развития

5 ноября 2025 года Казахстан сделал еще один шаг...