12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты қаралатын істер

Мемлекеттік сатып алу ‑ Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы. Қарапайым тілмен айтқанда мемлекеттік органның тауырды немесе қызметті сипаттамасы мен қаржы көлемін көрсете отырып өнім берушілерден сатып алады рәсімі. Ол үшін міндетті түрде келісімшарт жүргізіледі.

Келісімшарт болған жерде тараптар арасында туындаған келіспеушілік салдарынан дау туындайтыны белгілі. Осы санаттатағы дауларды қарау кезінде сот ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды (бұдан әрі Заң), ал Заңмен реттелмеген мәселелер бойынша ‑ Азаматтық кодексінің (АК), Азаматтық процестік кодексінің (АПК), Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК), «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының және өзге нормативтік актілер басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзуылуына байланысты туындайтын даулар азаматтық тәртіпте мамандандырылған экономикалық соттарда қаралады және АПК-нің 29-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша беріледі. Сондай-ақ орындалатын орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша АПК-нің 30-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

Заңның 24-бабының 1-тармағына, 38-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді (баға ұсынысын) беру конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні көрсетілген тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша шарттың орындалатын жері бойынша да берілуі мүмкін.

Соттарда осы санаттағы істердің басым көпшілігі шартты уақытылы орындамауы немесе сапасыз тауарды (қызметті) ұсынуы салдарынан туындаған даулар қаралады.

Заңның 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

Алайда сот істерді қараған кезде міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тани беруі міндетті емес.

Себебі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» № 4 нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы өнім берушілермен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюларды қарау кезінде соттар АК-нің 359-бабынасәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде өнім берушінің кінәсін және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып, Тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдарларды назарға алуы қажет делінген.

Сотта қаралған кезекті істе мемлекеттік орган (тапсырыс беруші) мен жеке кәсіпкер арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған. Шарт талаптарына сай өнім беруші тауарды шарт күшіне енген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенген. Алайда шарт мерзімінде орындалмағандықтан тапсырыс беруші жауапкерді шарт бойынша міндеттемесін тиісті дәрежеде орындамағаны, яғни тауарды кеш жеткізгені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы сотқа талап қойған.

Сотта анықталғандай жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін кеш орындаған. Дегенмен талап қоюшыға жағымсыз салдар орын алғандығы көрсетілмеген, тауардың сапасы мен саны жағынан сын-ескертпелер болмаған.

Сондықтан сот әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып, жауапкердің осы күнде өзінің міндеттемесін толық орындағанын, сондай-ақ талап қоюшыға жағымсыз салдар туындамағанын ескеріп, талап қоюшының жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартты.

Қ.М.Бержанов, Экономикалық сотының судьясы                                                                                                     

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...