Ағымдағы жылдың 05 маусым күні Қазақстан Репсубликасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржан Болатбекұлы Алматы қаласының Еңбек департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен Еңбек департаментінің қызметкерлерімен әдеп нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Нұржан Болатбекұлы тақырыпты кеңінен тарқата отырып, мемлекеттік қызмет саласындағы кездесетін әдеп нормаларының бұзушылықтарын және мемлекеттік қызмет болуда байланысты шектеулер туралы барынша кеңінен тарқатып айтты.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынатындығын түсіндірді.
06.06.2024 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қошатаев Сәбит Рысбекұлымен және Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлының жеке бастамасымен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Алматы қаласы Еңбек инспекциясы қызметкерлеріне шығып әдеп кодексі нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Алғашқы болып сөз алған Мамай Қаниұлы мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелердің бірі әдеп нормаларын түсіндіру бойынша әңгіме өрбітті.
Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәселесі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларындағы діни мәселелерге көзқарасы, лудомания мәселесі туралы айтылды.
Діни ұстаным бойынша әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну керектігін түсіндірді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимін сақтауы, қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта заңсыз пайдаланбауы туралы департамент өкілі айта келе, оған әкімшілік, тәртіптік жауапкершілік көзделгендігін атап өтті.
Сондай-ақ семинарда мемлекеттік қызметте болудағы шектеулер туралы айтылды.
Яғни, мемлекеттік қызметшілердің педогогтік, шығармашылық, ғылыми қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен айналыспауға, өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға, сонымен қатар өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға болмайтындығы сөзге тиек етілді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы профилактикалық жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы
Қошатаев Сәбит Рысбекұлы


